
Айыртау ауданының ауыл шаруашылық кәсіпорындары бірінің басшысы жаңа өнімнің 5 тонна зығыр ұрлығын анықтап, полицияға жүгінген. Шығын 1 миллион 700 мың теңгені құрады. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы келді. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ЖШС ауданы бойынша кәсіпкер орнатқан бейнебақылау камераларынан жазбалар алынды.
Бейнебақылау камералары тіркеген «КамАЗ»-дардың бірінің жүргізушісі күдік туғызған. Алдағы іздестіру іс-шаралары бұл версияны растады. 35 жастағы «КамАЗ» жүргізушісі мен жүк артумен айналысатын 40 жастағы трактор жүргізушісінің қатысы бары анықталды. Күдіктілер жасымықты көрші ауылдың тұрғынына 450 мың теңгеге сатқанын айтты. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 2-бөлігі «Ұрлық» бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Ұрланған өнім алынып, заңды иесіне қайтарылды.
«Астық жинау науқаны кезеңінде облыс полицейлері «Астық» жедел-профилактикалық іс-шарасы режимінде жұмыс істейді, — дейді СҚО ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Руслан Назаров. — Ауыл шаруашылықтарында ұрлықты ашу және жолын кесу бойынша жұмыс күшейтілді. Ауыл шаруашылық кәсіпорындарының қауіпсіздік қызметімен өзара іс-қимыл жасалуда. Жалпы, облыста аграрийлер мүлкін қорғаудың сенімді схемасы құрылғанын атап кеткен жөн. Астық жинау науқанының басынан жаңа астық ұрлығының 4 фактісі тіркеліп, олардың бәрі қысқа мерзімде ашылды».