СҚО полицейлері жыл басынан 7 мың шақырымнан астам автожолды тексерді

СҚО полицейлері жыл басынан 7 мың шақырымнан астам автожолды тексерді

Солтүстік Қазақстан облысы автожолдарының жалпы ұзақтығы – 9364 шақырым. Онда 135 бағдаршам, 17825 жол белгісі орнатылған. Жол-көлік инфрақұрылымын күтіп-ұстау – жол қауіпсіздігінің маңызды факторы. СҚО ПД Әкімшілік полиция қызметкерлері жолдарды тексеруді ұдайы жүргізеді. Негізінен жолдағы шұңқырлар, ауыстыруды қажет ететін белгілер сияқты ақаулар анықталады. Дегенмен, түрлі ақаулар кездесіп жатады. Мәселен, оқу орындарының бірінің директоры нормативтік актілермен қарастырылмаған «Кіруге тыйым салынады» белгісін тиімсіз орнатып, «Қызметтік көліктен басқа» маңдайшасын ілгені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Полицейлердің айтуынша, бұл жағдайда, әрекеті ұйым қызметкерлерінің автомашиналарына және қызметтік автокөліктерге таралмайтын «Қозғалысқа тыйым салынды» белгісін орнатқан дұрыс.

«Бір жылда 908 тексерістің нәтижесінде 7 мыңнан астам шақырым жол зерделеніп, 1802 ақау анықталды, - деп хабарлайды СҚО ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы полиция подполковнигі Серік Әлжанов. – Мүдделі субъектілердің атына кемшіліктерді жою жөнінде 773 ұйғарым шығарылды. 122 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, апаттылық санын азайту және жол қауіпсіздігін нығайту үшін жол-көлік инфрақұрылымын жетілдіру бойынша 212 ұсыныс әзірленіп, жергілікті атқарушы органдарға жолданды. Мысалы, сәуледиодтық жарық бергіші бар белсенді жол белгілерінің жеткіліксіздігі көрсетілді. Аталған белгі жүргізушілердің назарын аударудағы тиімді құрал. Қазіргі уақытта Петропавл жол желісіндегі қозғалысы жиі 6 учаскеге осындай белгілер орнатылуда».

Жыл ішінде әкімшілік полицияның ұйғарымдары бойынша жалпы көлемі 127 мың шаршы шақырым аумаққа шұңқырларды жөндеу жұмыстары бойынша жұмыстар жүргізілді, 400 мың шаршы шақырымға жол белгілері салынды, 1400-ден астам жол белгілері ауыстырылып, орнатылған.