Солтүстікқазақстандықтар әлеуметтік желілер арқылы полицейлерге алғыс білдіруде

Солтүстікқазақстандықтар әлеуметтік желілер арқылы полицейлерге алғыс білдіруде

Instagram әлеуметтік желісінде полицейлердің атына алғыс сөздер жиі келіп түседі. Олардың бірін Уәлиханов ауданынан отбасы қиын жағдайда көмекке келген тәртіп сақшыларына арнап жариялаған. Ауылдықтар орманға барып, саңырауқұлақ терген, алайда үйге жиналған тұста көліктің кілті сынып қалған. «Екі сағат бойы көліктің есігін аша алмадық, - дейді отағасы. – Бізге «КамАЗ» жүргізушісі мен жол полициясының қызметкерлері көмекке келді. Олардың көмегімен есікті аштық. Қиын тұста бей-жай қарамай, қолұшын созғандардың барлығына алғыс білдіргіміз келеді...»

Келесі бір жарияланымда адамдар кеткеніне бірнеше тәулік болған, із-түссіз жоғалған адамды іздегені үшін Есіл ауданының полиция бөлімі қызметкерлеріне алғыс білдіреді. «Жоғалғанның туыстары іздеу іс-шараларының қатысушыларына үй-жай және ыстық тамақ ұйымдастырған Тораңғұл ауылдық округінің әкімі Данияр Қозбаевтың көмегін де атап өткен, - деп тоқтала кетті өз пікірінде аудандық ПБ бастығы полиция подполковнигі Ерлік Есләмбеков. – Іздеу жұмысына зор көмегін тигізген әлеуметтік желілерде бағдар орналастырған еріктілерді және іздеудегі адамның болуы мүмкін жерлері туралы хабарлаған қарапайым адамдарды да атап кеткен жөн».

СҚО ПД бастығы полиция генерал-майоры Марат Төлебаевтың айтуынша, қиын жағдайда адамдарға көмектесу үшін күш біріктіру, адамдардың жауапкершілігі мен өзара көмек қоғам жолында құқықтық тәртіп пен тұрақтылықты нығайтуда табысқа жетудің кепілі болып табылады.