СҚО полицейлері босануға шақ қалған әйелді перинаталдық орталыққа жеткізді

СҚО полицейлері босануға шақ қалған әйелді перинаталдық орталыққа жеткізді

Облыс жолдарындағы құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және жолда қиындыққа тап болған адамдардға көмектесу – СҚО ПД патрульдік полиция батальонының басты міндеттерінің бірі. Жол сақшыларының көмегі 29 қыркүйек күні әйелді Перинаталдық орталыққа босануға әкеле жатқан жүргізушіге қажет болды. Ол жолды білмегендіктен «Оңтүстік» бақылау бекетінің жанына келіп, полицейлерден көмек сұраған. Бұл күні бекетте полиция кіші лейтенанты Александр Авдонин тұрған. Ол ойланбастан рөлге отырып, жарқылдауық маяктарын қосып, әйелді орталыққа жеткізуге көмектесті.

«Мұндай оқиғалар біздің жігіттердің басынан талай өткен. Өзіме осындай жағдай алғаш рет келіп отыр. Әр минут қымбат. Өйткені баланың өмірі үшін үлкен жауапкершілікті сезіндім», - дейді ол. Кейін Александр ауыл тұрғынының аман-есен босанғанын естіп қуанды.

Бірнеше күн бұрын «Көкшетау-Омбы» автожолында Дәуіт ауылының маңында Уәлиханов ауданы тұрғынының темір тұлпарынан ақау шыққан. Қуанышқа орай, оның жанына СҚО ПД патрульдік полиция батальонының экипажы полиция аға лейтенанттары Ратмир Кисамидинов пен Станислав Сакс келді. Олар автокөлікті жақын тұрған жанармай құю стансасына жеткізіп, Дәуіт ауылында қажетті қосалқы бөлшекті тауып, жөндеу жұмыстарына көмектесті.

«Адамдар жол үстінде түрлі жағдайларға тап болады, - дейді ПД ППБ командирінің міндетін атқарушы полиция капитаны Уәлихан Оразалин. – Оларға көмектесу патрульдік полицияның маңызды міндеттерінің бірі. Мұндай тапсырмалар патрульдеуге шығатын барлық экипаждарға беріледі. Көмек қажет болған жерге полиция қызметкерлері алғашқы болып жетуілері тиіс».