
Қазан айының алғашқы сенбісінде кезекшілікке тартылмаған қызметкерлер сенбілік ұйымдастырды. Күн суық болғанына қарамастан қолдарына тырнауыш, сыпыртқыларын, күректерін алып, облыстық Департаменттінің және полиция бөлімдерінің әкімшілік ғимараттарының маңына тазалық орнатты. Жалпы тазаланған аумақ – 45 мың шаршы метр. Бекітілген аумақ жапырақтан тазартылды.
СҚО ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Айдос Ідірісовтың айтуынша, мұндай сенбіліктер ұжымдар арасында ерекше қарым-қатынас орнатып қана қоймай, қызметкерлердің тәртіпті сақтауына ықпал етеді. «Күнделікті қызмет барысында тәртіп сақшылары азаматтардың абаттандыру ережелерін сақтауын қадағалайды. Бұл ретте қызметкерлердің өздері де үлгі көрсетіп, облыс орталығы мен елді мекендердің таза болуына үлестерін қосады», - дейді ПД бастығының орынбасары.