СҚО-да ауылдық учаскелік инспектордың қырағылының арқасында Петропавл қаласындағы велосипед ұрлығы ашылды

СҚО-да ауылдық учаскелік инспектордың қырағылының арқасында Петропавл қаласындағы велосипед ұрлығы ашылды

Учаскелік полиция инспекторларының негізгі міндеттерінің бірі – құқықтық тәртіпті сақтау және қылмыстың алдын алу. Оның жұмысының тиімділігі қызмет көрсететін аумағын жақсы білуіне байланысты.

Асқар Жансүгіров – Қызылжар ауданындағы Налобин ауылдық округінің учаскелік полиция инспекторы. Оның қызмет көрсететін аумағында 1108 адам тұрады. Ол өз аумағындағы барлық адамдарды жақсы таниды деуге болады. Қыркүйек айының ортасында үй-үйді аралау кезінде жасөспірімдерге арналған «Stillmax» маркалы су жаңа велосипед мініп жүрген 60 жастағы ауыл тұрғынын байқайды. Ер адам ауылдық округте тұратын «маскүнем» санатындағы 12 адамның бірі болды. Бірнеше мәрте құқық бұзушылықтар жасаған. Полиция аға лейтенанты қос дөңгелекті көліктің қайда келгенін сұрап-білу үшін оны сөзге тартты. Алайда ер адам жөнді ештеңе айта алмады. Велосипедтің маркасы мен белгілерін есіне сақтап қалған инспектор аудандық полиция бөлімінің басшылығымен хабарласты. Аудан аумағында бұндай велосипед ұрлығы тіркелмепті. Алайда Петропавлда осындай көлік ұшты-күйлі жоғалып кеткен.

«Солтүстік Қазақстан облысының аумағында 289 учаскелік полиция инспекторы мен олардың көмекшілері қызмет көрсетеді, - дейді СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы полиция подполковнигі Айдын Байматов. – Олар есепте тұрған 6 мыңнан астам адамның тыныс-тіршілігін бақылауда. Оның ішінде 3017-сі – маскүнемдер, 720-сы – бұрын сотталғандар, 235-і – әкімшілік қадағалауға шартты түрде жататындар (бұл – ауыр және аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін соттылығы бар адамдар), 17-сі – бақылауға алынғандар (бұл – әкімшілік заңнаманы бұзғаны үшін әкімшілік қадағалауға шартты түрде жататындар, шектеулері бар). Бұдан бөлек, СҚО-да шартты-мерзімінен бұрын босатылған 233 және пробация қызметінде есепте тұрған 732 адам тұрады».

Жыл басынан учаскелік полиция инспекторларымен 1358 қылмыс ашылып, әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін 40 мыңнан астам хаттамалар толтырылған.