
Қарттар күніне орай көші-қон қызметкерлерінің келуі Петропавлдың 84 жастағы тұрғынына ерекше сый болды. Зейнеткердің соңғы жылдары жасына байланысты жүріс-тұрысы қиындай түскен. Ол әлдеқашан өзінің жеке куәлігін жоғалғанын байқаған. Әлеуметтік қорғау қызметкерлері полицияға жүгінуге кеңес берген. Қызметкерлер қарияның мекенжайына барып, өтініш қабылдаған, шақырылған фотограф құжатқа қажетті суретке түсірген. Әйел тәртіп сақшыларына алғысын білдірген. «Қамқорлық танытып, үйге келіп, барлық жағдайды қажетті жасағаны өте қуанышты, - дейді ол. — Өмір бойы жұмыс істедім, мені ұмытпай келгендерңіз көңілді қуантады». Мамандығы электрші, бірнеше жыл мехколоннада еңбек еткен. Жаңа құжатты 15 жұмыс күнінен кейін алмақ.
«Қозғалысы шектеулі азаматтардың үйлеріне бару — қызметкерлердің жұмысындағы қалыпты жағдай, — дейді СҚО ПД Көші-қон қызметі басқармасы бастығының міндетін атқарушы полиция подполковнигі Ермек Нүсірбаев. — Қызметкерлерді үйге шақыру үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының call-орталығына 1414 нөміріне хабарласуға болады. Құжаттандыру — мемлекеттік қызмет көрсетудің маңыздыларының бірі. Жыл басынан облыс қызметкерлері жеке басты куәландыратын құжат алушыдан 41007, паспорт дайындауға 13901 өтініш қабылдады».