
Облыс жолдарындағы полицейлердің жұмысының басты мақсаты - жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі. Жыл басынан бері 15,5 мыңға жуық жол қозғалысы ережесін өрескел бұзу анықталды. Ең жиі кездесетіні - жылдамдықты асыру. Мұндай 4,5 мыңға жуық факті тіркелді. 4 мыңнан астам жүргізуші қауіпсіздік белбеуін тақпағаны үшін жауапқа тартылды. Тәртіп сақшылары шектеулерді елемеу қайғылы жағдайларға әкелуі мүмкін екенін еске салады. Көлік жүргізу кезінде 1700-ден астам көлік жүргізушісі телефон қолданған. Жолда келе жатқанда назар тек жолда болуы тиіс, сөйлесуге алаңдау қауіпті болуы мүмкін. 800-ге жуық жүргізуші масаң күйде көлік жүргізгені үшін жазаланды.
«Ең қауіпті бұзушылықтардың бірі - жаяу жүргіншілерге жол бермеу, - деді СҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы полиция подполковнигі Айдын Байматов. - Бұл үшін 600-ге жуық жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жол-көлік оқиғаларының едәуір бөлігі жол қиылыстары мен жаяу жүргіншілер өткелдерінде жүру ережелерін бұзудан болады. Бұл жерлерде жүргізушілерден мұқият болу талап етіледі».
Жалпы алғанда, қаңтар айынан бері облыс полицейлері 40 мыңнан астам түрлі жол ережесін бұзуды анықтады. Тәртіп сақшылары жол қозғалысына қатысушыларды мұқият болуға және заңды қатаң сақтауға шақырады. Жол-көлік оқиғаларын азайту және көлік жүргізу мәдениетін арттыру жөніндегі жұмыстар облыстық Полиция департаменті басшылығының бақылауында.