Солтүстік Қазақстан облысының Полиция департаментінде жаңа тағайындаулар

Солтүстік Қазақстан облысының Полиция департаментінде жаңа тағайындаулар

СҚО ПД бастығы полиция генерал-майоры Марат Төлебаевтың бұйрығымен полиция подполковнигі Марат Жұмалиев СҚО ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы болып тағайындалды.

Полиция подполковнигі Серік Әлжанов СҚО ПД әкімшілік полиция басқармасын басқаратын болды.

Полиция полковнигі Петр Климов Мамлют ауданы полиция бөлімінің бастығы болды.