Жыл басынан СҚО полицейлері 700-ден аса мас жүргізушіні жауапкершілікке тартты

Жыл басынан СҚО полицейлері 700-ден аса мас жүргізушіні жауапкершілікке тартты

Полицейлер статистикасы масаң күйде рөльге отыратын жүргізушілерге қатысты ең батыл шаралардың қажеттілігі туралы айтады. «Мас жүргізуші» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткен 10 күнде СҚО жолдарында масаң күйде көлікті басқарған 57 адам тоқтатылды. Әр осындай көлік жүргізу ауыр салдармен жол-көлік оқиғаларын жасауға әкеледі. 8 айда облыста мас жүргізушілер 15 апат жасаған, 5 адам қаза тауып, 22-сі жарақат алған.

«Кедергілерге және басқа да көлік құралдарымен соғылу, аударылу – мұның бәрі масаң күйде жүргізудің әкелетін салдары, — дейді СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы полиция полковнигі Айдын Байматов. — Өткен жылы заңнамамен масаң күйде жүргізгені үшін жауапкершілік қатаңдатылды. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алуды және жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыруды көздейді. Осындай фактілер ЖПҚБ қызметкерлері өткізетін рейдтік тексеріс және «Қауіпсіз жол», «Мас жүргізуші» және тағы басқа жедел-профилактикалық іс-шаралар барысында анықталады. Жыл басынан ҚР ӘҚтК 608-бабы бойынша 731 адам жауапкершілікке тартылды».

Өкінішке орай, жаза бұзушылардың бәріне бірдей сабақ бола бермейді. Жыл басынан полицейлер бұрын басқару құқығынан айырылған жүргізушілердің масаң күйде басқарудың 42 фактісін анықтады. Полицейлер мұндай жаза қылмыстық жауапкершілікке, негізгі жазадан бөлек өмір бойына басқару құқығынан айырылуға әкелетінін еске салады.