СҚО полицейлері «Жолда қабылдау» екікүндік акциясын қорытындылады

СҚО полицейлері «Жолда қабылдау» екікүндік акциясын қорытындылады

Екі күнде Солтүстік Қазақстан облысының ПД аппараты қызметкерлері Instagram мен Facebook-тегі ведомствоның ресми аккаунттарынан сегіз рет тікелей эфирге шықты. Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Ерлан Тұрғымбаевтың бастамасымен өтетін «Жолда қабылдау» екікүндік акция шеңберінде онлайн-консультация ұйымдастырылды. Облыстық полиция қызметкерлерінен бөлек, байланысқа желілік аудиториядан тікелей эфирлерге қалалық және аудандық бөліністердің полицейлері де шықты.

«Жол қозғалысы қауіпсіздігін ұйымдастыру мен қамтамасыз ету, қаруды тіркеу, көші-қон мәселелері – эфир барысында түрлі сипаттағы ондаған сұрақтар келіп түсті, - дейді СҚО ПД Әкімшілік полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы полиция подполковнигі Ерлан Мәдиев. – Келіп түскен әр өтінішке жауап беріліп, барлық түйіні бар мәселелер зерттеу және алдағы уақытта шешу үшін мәліметке алынды».
Әкімшілік полицейлер тікелей эфирде онлайн-байланыстан бөлек, «кері байланыс» арқылы WhatsApp пен арнайы құрылған Call-орталықта сұрақтарды қабылдады. Жалпы, «Жолда қабылдау» өткен екі күнде өңдеуге 150-ге аса сұрақ келіп түсті.

«Ашықтық, айқындылық, ішкі істер органдарының құзыретіне кіретін мәселелерге жедел ден қою – қазіргі заманғы полиция жқмысының сервистік форматын құраушы болып табылады. Сонымен қатар, әлеуметтік желі қолданушыларымен конструктивті диалог құру «сақадай сай тұруға» және қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша уақтылы шара қабылдауға септігін тигізеді. 2021 жыл біздің жүйе үшін «Құқық бұзушылықтардың алдын алу және «халыққа жақын полиция» қағидатын қамтамасыз ету жылы» болып табылады», - деп атап өтті СҚО ПД бастығы полиция генерал-майоры Марат Төлебаев.

Сұрақтарды қабылдауды, әлеуметтік желілерде түсініктер мен консультациялар беруді солтүстікқазақстандық полицейлер «Жолда қабылдау» барысында ғана емес, күн сайын жүргізеді.