
Петропавл қ. ПБ жедел уәкілдері бірнеше велосипед ұрлығының жолын кесті. Қылмыс түнгі уақытта жасалған. Қылмыскер түнде көппәтерлі үйлердің подъездеріне кіріп, қолды қылып отырған. Бірде Н. Назарбаев көшесі бойындағы үйлердің бірінің подъезінен 4 велосипед жоқ болған. Қаскөй бейнебақылау камераларымен жабдықталмаған үйлерді таңдап отырған, алайда оның қаладағы кейінгі іс-әрекеті қалалық ПБ Жедел басқару орталығы камераларына түскен. Күдікті ұсталды, ол Петропавл қаласының бұрын сотты болған 36 жасар тұрғыны болып шықты. Аталған фактілер ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы «Ұрлық» бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Күдікті қамауда. Қаладағы аулалардың бірінде жасырылған «Барс» велосипеді алынды. Бұл Н. Назарбаев көшесі мекенжайынан ұрланған велосипедтердің бірі. Басқа ұрланған зат іздестірілуде. Қазіргі уақытта ер адам 7 велосипедтің ұрлығына қатысты деп күдіктелуде.
«Қылмыскерлер домофон орнатылған подъездерге кіру үшін түрлі айла-амалдарды қолданады, - дейді Петропавл қ. ПБ бастығы полиция полковнигі Жандос Мұқатов. – Көбінесе біреудің не кіргенін, не шыққанын тосып тұрады, кейде кез келген пәтерге қоңырау шала салады. Қалалықтарды қырағы болуға шақырамыз, подъездерге мүмкіндігінше бейнебақылау камераларын орнатуға кеңес береміз, бұл қылмыстарды ашуға және жолын кесуге сенімді құрал болып табылады. Жыл басынан Петропавлда 76 велосипед ұрлығы тіркелген, бүгінгі күні оның 54-і ашылды».