СҚО полицейлері жүргізушілерді қаңғыбас жануарлардың тарапынан төнетін қауіп туралы ескертеді

СҚО полицейлері жүргізушілерді қаңғыбас жануарлардың тарапынан төнетін қауіп туралы ескертеді

СҚО полицейлерін облыс жолдарында қаңғыбас жануарлар келтіретін қауіп алаңдатуда. Биылғы жылы қаңғыбас жануарлардың қатысуымен болған жол-көлік оқиғасы тіркеліп, оның нәтижесінде адам зардап шеккен. Өткен жылы осындай ЖКО ауыр салдарға әкеп соқтырған еді. Бақташының қарауындағы жануарлардың өзі де жолдағы оқиғаға себеп болуы мүмкін. 13 қыркүйекте сағат 06:00 шамасында «Петропавл - Омбы» автожолында Белый с. жақын жерде жергілікті тұрғын жолдың үстінен табынды айдап өткізген. «КамАЗ» автомашинасының жүргізушісі құлынды қағып кеткен. Абырой болғанда, жарақат алмай, жануар аман қалды, жүк көлігіне механикалық зақым келген жоқ.

Полицейлер: малды тиісті жол белгісімен белгіленген арнайы жерден айдап өту керектігін ескертеді. Еркін жайылымға жол берілмейді: қаңғыбас жануарлар ЖКО себепші болып қана қоймай, мал ұрыларының «олжасына» айналады.

«Полицияның аудандық бөліністерінің қызметкерлері ұдайы негізде еркін жайылымға жол бермеу бойынша жұмыс жүргізеді, — дейді СҚО ПД бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Қанат Айтбаев. — Ауыл тұрғындарымен әңгіме жүргізіледі, анықталған қаңғыбас малдар арнайы қашаға қамалады, облыста олардың саны 230 аса. Жыл басынан СҚО-да 4400 аса қаңғыбас мал иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Автомобиль жүргізушілерінен сақ болуды сұраймыз. Жол белгілеріне назар аударыңыз, жолда жануарлардың кенеттен шығып қалуы мүмкіндігін ескеріңіз. Жылдамдық режимін, әсіресе елді мекендердің маңында қатаң сақтаңыздар, жолдағы жағдай күрт өзгерген жағдайда шешім қабылдау үшін уақытқа көңіл бөлген жөн».