«Басты бағдар — адамдарға көмек»: СҚО полицейлері қызметтегі экстремалды жағдайлар туралы

«Басты бағдар — адамдарға көмек»: СҚО полицейлері қызметтегі экстремалды жағдайлар туралы
Поицейлерге адамдарға құқықтық тәртіп мәселелерінен бөлек, басқа да қолұшын беруге тура келетін жағдайлар жиі кездеседі. Олардың батыл әрекеттерінен адамдардың өмірі байланысты болады. СҚО-да тек биылдың өзінде патрульдік полицейлер бес рет адамдарды медициналық мекемеге шұғыл жеткізіп салған. Алайда оқиға орнында алғашқы медициналық көмек көрсететін жағдай да кездеседі. Өртте, су қоймаларында зардап шеккендерді, есінен танған адамдарды жасанды демалдыру – соңғы жылдары погон таққан адамдарға ондаған түрлі жағдайлар кездесті.

6 қыркүйекте СҚО Мамлют ауданының ПБ бастығы Серік Әлжанов Петропавлда Әуезов көшесінен өтіп бара жатқан тұста адамдардың тобын байқаған. Олар талма ауруы ұстаған ер адамның жанына жиналған. Құлағандықтан оның беті қан болған. Полиция подполковнигі Әлжанов, қала тұрғындарының бірі, кейін келіп жеткен патрульдік полиция экипажы шұғыл алғашқы көмек көрсетуге кірісті. Көп кешікпей жедел жәрдем де келіп жетті. Ол уақытта қабылдаған шаралардың арқасында қалалық есін жиды. Серік Әлжановтың айтуынша, күмәндануға уақыт болмаған. Адам өміріне қауіп төніп тұр деген ой жылдам әрекет етуге мәжбүрледі.

Осыған ұқсас жағдай мамырда орын алған. Сол кезде полицейлер мен немқұрайды қарамайтын қалалық Петропавл қ. ПБ ғимараты жанында талма ауруы ұстаған қызға көмек көрсеткен. Бұрын патрульдік полицейлер Саят Дүйсембин мен Николай Малыш сабақтарда алған білімдерін трассада «Toyota Camry» жолаушысында талма ауруы ұстаған кезде қолданған. Алғашқы медициналық көмек көрсету полицейлердің дайындығына кіретіндігіне қарамастан, осындай әр оқиға – тәртіп сақшыларына боырш міндеттейтін маңызды емтихан болып табылады.

«Полицейлердің кәсіби дағдыларын дамытуда, негізінен дене шынықтыру мен атыс даярлығына, арнайы ұрыс тәсілдерін меңгеруге баса назар аударылған, — дейді СҚО ПД Арнайы және жұмылдыру даярлығы басқармасының бастығы полиция подполковнигі Жанат Сағденов. — Маңызды аспектілер дайындықтың психологиялық, әлеуметтік-құқықтық бағыты болып табылады. Алғашқы медициналық жәрдем көрсетуге үйрету және дағдыларын меңгерту ұдайы жүргізіледі. Ең маңыздысы – адамдарға көмектесуге бағдарлау. Бұл кез келген жағдайда шешім қабылдауды анықтайтын басты мақсат».