
2 қыркүйекте Петропавлда Абай көшесінің бойында полиция қызметкерлері есірткі өткізді деген күдікпен бұрын мүліктік қылмыс жасағаны үшін сотталған 34 жастағы қала тұрғынын ұстады. Жедел іс-шаралар барысында заңсыз айналымнан 2 келіге жуық гашиш тәркіленді. «Есірткі заттары, олардың тектестері мен прекурсорларының жиынтық кестесіне» сәйкес бұл аса ірі көлеміне жатады. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігі «Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу» бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Күдіктіге қатысты қамаққа алу түріндегі шара тағайындалды.
«Баптың санкциясына сәйкес күдікті 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылады, — дейді СҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығы полиция полковнигі Жандос Басыбаев. — Еске саламыз: есірткіні өткізгені үшін заңнамамен қатаң жауапкершілік көзделген. Барлығы жыл басынан облыста 139 есірткі қылмысы, оның ішінде 35 өткізу фактісі анықталды. 287 келіге жуық түрлі есірткі заттары, оның ішінде 4 кг. 130 гр. астам синтетикалық есірткі тәркіленді.