Жолдауда жұмысымыздың ашықтығы мен тиімділігі жайында айтылды

Жолдауда жұмысымыздың ашықтығы мен тиімділігі жайында айтылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жыл сайынғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында барлық салаларды дамытуға бағытталған жаңашылдықтарға серпіліс беретін векторды айқындады. Тәуелсіздіктің жетістіктері туралы сөз қозғасақ, еліміздің Президенті негізгі факторлардың қатарынан бейбіт өмір мен қоғамдағы тұрақтылықты, халықтың тұрмыс сапасының жақсаруын және жастардың болашаққа нық сеніммен қарауын атап кетті. Бұл негіздердің іргетасын нығайту үшін ішкі істер органдарының алдына да міндеттер қойылды.

Бүгінгі күні құқық бұзушылықтар профилактикасы саласында жұмыстың тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін қосымша өкілеттіліктері бар учаскелік полиция инспекторының жұмысына маңызды рөл бөлінген. Солтүстік Қазақстан облысында 289 учаскелік инспектор бар. Жүктелген міндеттерді іске асыру үшін жоғары нәтижелерге қол жеткізуге барлық қажетті жағдайларды жасауға арналған берік алаң құрылуда, соның ішінде әлеуметтік қолдау жасалуда. Биылғы жылы Мамлют ауданында учаскелік полиция пунктімен біріктірілген үй салынды. Бұл учаскелік инспектор жұмысының жеделдігін арттырады, халыққа жақын, 24 сағат азаматтармен байланыста болуға мүмкіндік береді. Бірнеше айдың ішінде жұмыстың мұндай жаңа форматы, «халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатын іске асыру үшін жақсы мүмкіндіктер жасап, өз тиімділігін көрсетті. Мұндай практика облысымыздың басқа аудандарында да жалғасатын болады. Сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдардың қолдауының арқасында учаскелік полиция инспекторларының жұмысы үшін 86 бірлік жаңа автокөліктер алынды. Бұл көліктердің басым бөлігі аралары бір-бірінен алыс ауылдық округтерге жіберілді. Учаскелік полиция инспектоларының жұмысына бейнетіркегіштерді, планшеттерді, барынша осал әкімшілік учаскелерді қамтитын бейнебақылау камераларын енгізу маңызды аспекті болып табылады. Мұндай жарақтандыру қоғамдық тәртіпті нығайтып қана қоймай, сонымен қатар жұмыстың ашықтығын қамтамасыз етуге ықпал етеді. Бұл сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алуда пәрменді тетік болады.

Жолдауда айтылған талаптар СҚО ішкі істер органдары жеке құрамының назарына жеткізілді. Қойылған міндеттерді іске асырудағы басты бағдар азаматтардың қауіпсіздігіне төнетін қауіпке тосқауыл болуға мүмкіндік беретін жедел-қызметтік жұмысты ұйымдастыру болмақ. Мемлекет басшысы айқындаған негізгі қадамдар ашық диалогқа және қазақстандықтардың тұрмыс сапасын жақсартуды қамтамасыз етудің басты бағыты болып тиімді жұмысқа әкеледі.