СҚО полицейлері жыл басынан із-түзсіз жоғалғандар туралы 304 өтініш қабылдады

СҚО полицейлері жыл басынан із-түзсіз жоғалғандар туралы 304 өтініш қабылдады

Петропавлда криминалдық полиция қызметкерлері із-түзсіз жоғалған 35 жасар ер адамды іздестіруде. Баласының үйінен тамыздың 17-сі кетіп оралмағанын айтып, анасы жүгінген. Іздеудегінің белгілері: бойы 170 см., денелі, шашы қою сары түсті, көзі сұр түсті, мұрны қисықтау. Үстінде жолбарыстың суреті бар қара-көк түсті кеудеше, сұр трико, көк кроссовки және өзімен бірге қызғылт сары өрнегі бар қара рюкзак болған. Аталған белгілері бойынша Петропавл қ. ПБ жеке құрамы түгел бағдарланды, аудандық бөліністерге жіберілді. Тәртіп сақшылары таныстарын, болуы ықтимал жерлерді тексеруде. Полицейлер жоғалған тұлға туралы қандай да бір ақпарат болған жағдайда ПД кезекші бөліміне (тел.:39-40-37), КПБ іздестіру бөліміне (тел.:39-41-78) не «102» арнасына хабарласуларын сұрайды.

Полицейлердің тәжірибесі көрсеткендей, адамдардың із-түзсіз жоғалуына спирттік ішімдікке әуестігі себеп болып жатады. Сол себептен алғашқы кезекте көңіл-көтеру мекемелері, жалға берілетін пәтерлер тексеріледі. Ішімдік ішумен өткізген көпкүндік «демалыс» қайда жүргендерінен бейхабар туыстарын әбігерге салады, полицейлердің тарапынан көп уақыт пен күштің жұмсауын талап етеді.

«Екінші бір алаңдататын сценарий — жасөспірімдердің жоғалуы, — дейді СҚО ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Пётр Климов. – Жасөспірімдер өздерінің «есейігендерін» көрсеткілері келіп, ата-аналарын ескертпестен, таныстарында қонады. Жасөспірімдердің жоғалуының әр фактісі бойынша барлық күштер шұғыл жұмылдырылады. Бұл жұмыста еріктілер зор көмек көрсетеді, әлеуметтік желілерде бағдарлар таратады, іздестіру іс-шараларына қатысады. Әдетте, кәмелетке толмағандар кезекші тәулік ішінде табылып жатады».

Жыл басынан СҚО полицейлері із-түзсіз жоғалған адамдар туралы 304 өтініш қабылдады. Оның ішінде 197-сі кезекші тәулікте табылса, 82-адамды табуға екі тәулік кеткен. Ал 21 адамның жүрген жерін анықтауға көп уақыт жұмсалған.