
Петропавл тұрғыны Instagram-да алғыс білдірген. 25 тамызда «Батыр» балабақшасының жанында 4 жастағы қызы жоғалған. Төңіректен баласын іздеп таба алмаған әйел «102» арнасына қоңырау шалған. Қызды өтіп бара жатқан адамдар байқаған және жақын маңдағы үй-жайға (шинажинақтау шеберханасы) апарып, кейін полицияны шақыртқан. Тәртіп сақшылары ата-анасын іздеуге кіріскен. Кішкентай сәби қаншалықты алыстап кеткендігін түсіндіре алмаған. Кезекші бөлімнен хабарлама алғаннан кейін тәртіп сақшылары санаулы минуттарда оны алаңдап отырған анасына жеткізген. «Мейірімді адамдарға шын жүрегімнен алғысымды білдіремін!» — дейді әлеуметтік желіге жазған әйел. Оны көрген және полиция қызметкерлеріне хабарлаған жандарға ризамын. Менің сәбиімді жедел жеткізген полиция қызметкерлеріне жеке алғыс білдіремін».
«Осындай жағдайлар кейде жауапты деген ата-аналардың өздерінде де орын алады, — дейді Петропавл қ. ПБ бастығының бірінші орынбасары полиция подполковнигі Әлібек Ғабдуллин. — Бұл балаларға аса абай болу керек дегенді еске салады. Балаларыңызға мінддетті түрде ересектерсіз жалғыз қалған жағдайда өздерін қалай ұстау қажеттігін үйретіңіздер. Бала өзінің толық атын, жасы мен мекенжайын анық білуі қажет. Кейбір ата-аналар балаларының қалтасына тиісті деректер мен байланыс телефондары бар жазбалар салады – бұл осындай жағдайларда қауіпсіздік шарасының бірі болатыны сөзсіз. Өз тарапымыздан адасқан баланың өміріне жауапкершілікпен қарап, орын алған жағдай туралы кезекші бөлімге жедел хбарлаған адамдарға алғыс білдіреміз».