«Өмірім жарқын бола түсті» — дейді петропавлдық учаскелік инспектор өз жұмысы жайлы

«Өмірім жарқын бола түсті» — дейді петропавлдық учаскелік инспектор өз жұмысы жайлы

Адамдарға көмектесудегі талпынысын 2013 жылы ҚР ІІМ Қостанай академиясына оқу түскен кездегі Әлібек Шәкіровтің кәсіби таңдауы анықтады. Ол кезде өмірінің қаншалықты өзгеретінін, 4 жылдан кейін Петропавл қ. ПБ Бірінші полиция бөлімінде учаскелік полиция инспекторы болатынын ойлаған емес.

«Мен өмірді басқа қырынан, еш боямасыз, шынайы қалпында көрдім», — дейді ол. Әр адам «Менің жұмысым емес» дей отыра, бір нәрседен бойын аулақ ұстайды. Полицейлердің олай істеуге хақы жоқ. Біз күн сайын жүгінген адамдардың түрлі мәселелері мен дау-жанжалдармен бетпе-бет келеміз. Әрқайсысына құрметпен және түсіністікпен қарап, көмек көрсетіп, заңды құқықтарын қорғауымыз қажет …»

Адам құқығын түсіну, қызметте алған білімдердің жиынтығынан сағат сайынғы нақты іске айналды, деп толықтыра кетті Әлібек. «Өз құқықтарын ойлайтын, өзінше талқылайды, — дейді Әлібек. — Мысалы, жаздыгүні ауладағы жастардың түн жарымына дейінгі жастардың отырыстарына жиі шығуға тура келеді. Беседкаға жақындап келсең, өздерін тыныш, ән айтпай, айғай-шусыз отырмыз деген «өз құқықтарының білгіштері» бес-алтауын көресің … Ал жақын маңдағы үйлерден бірнеше қоңырау келіп те үлгереді: адамдар тынығына алмайды. Жауапты адам өзгелердің құқығына құрметпен қарайды …»

Әлібек Шәкіров 26 жаста — ол Қазақстан Конституциясымен құрдас. Жуырда кпитан атағын алды. Төрт жылдың ішінде учаскелік инспектордың жұмысының анық-қанығына жетті: аула бойы тексерістер мен профилактикалық әңгімелесулер, шақыртулар мен түйіні қиын мәселелерді шешу талап етілетін азаматтарды қабылдаулар және адамдарға анық, заң тұрғысында толық жауаптар беру. Өрттен жатақхананың тұрғындарын құтқаруға, аңғал жолаушыны құжаттары бар барсеткасын қалдырған автобусты тоқтатуға тура келген… Алайда өмір таң қалдырудан жалықпайды және жаңа міндеттер қояды. «Погон таққаннан бері өмірім жарқын сәттермен толықты, қызметтік борышымды атқара отырып, оны жақсы арнаға бұру өз қолымда», — дейді Әлібек.