СҚО-да жас қызметкерлер үшін облыстық полицияның озық қызметтері бейнеконференция өткізді

СҚО-да жас қызметкерлер үшін облыстық полицияның озық қызметтері бейнеконференция өткізді

Конституция күні мен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында СҚО полицейлері жас қызметкерлерге арналған бейнеконференция өткізді.

Криминалистика, есірткіге қарсы іс-қимыл, көші-қон, тергеу мен анықтау, учаскелік инспекторлар қызметі — әріптестерірің алдында облыстық полиция озық бөліністерінің тәжірибелі қызметкерлері баяндама оқып, сөз сөйледі. Zoom бейнеконференцияға арналған бағдарламасы арқылы бір сағаттық іс-шараға облыстық полицияның қалалық және аудандық бөліністерінің жас қызметкерлері қатысты.

Конференцияға қатысушылардың назарына тәуелсіздік жылдарында полиция қызметтерінің құрылу тарихы туралы әңгімелеген әріптестерінің сөз сөйлеуі ұсынылды. Мысалға, жас қызметкерлер СҚО ПД Жедел криминалистикалық басқармасының кезекші офицерлері тәулік бойы облыстың кез-келген жеріне уактылы келуге және жедел-тергеу тобының құрамында кез-келген жағдайда және ауа райының түрлі жағдайында микробөлшектер мен басқа да заттай дәлелдерді жинау бойынша тиімді жұмыс істеуге дайын екендігін білді. СҚО ПД ЖКБ бастығының орынбасары полиция подполковнигі Қанат Оспанов криминалистикалық қызметтің техникалық жабдықталуы жылдан жылға артып келе жатқандығын айта кетті. Криминалистерде заманауи іздеу құралдары: жердің қабатын 10 метрден аса тереңдікте сканерлеуге мүмкіндік беретін георадар, сондай-ақ сезгіш қабілеті аса жоғары металл ідеуіштердің барына тоқталды. Оның көмегімен2016 жылы Мағжан Жұмабаев ауданында полицейлер мұз қатқан көлдің түбінен заттай дәлелдерді тауып алған, олар: қылмыскерлер көлге тастаған екі бірлік тегіс ұңғылы қару.

СҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедпл уәкілі полиция майоры Ринат Ибраев, СҚО ПД Көші-қон қызметі басқармасы бастығының орынбасары полиция подполковнигі Ермек Нұсырбаев, СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының аға инспекторы полиция майоры Денис Шерстобитов ақпараттық баяндама оқыды. Іс-шара соңында қазіргі заманғы анықтаушылар мен трргеушілердің негізгі жұмысы бағыттары туралы Анықтау басқармасының аға анықтаушысы полиция подполковнигі Раушан Бәкеева айтып өтті. Бұл қызметтердің қызметкерлері электрондық форматта қылмыстық істерді тергейді, қадағалаушы органмен тығыз қарым-қатынас жасай отыра, үнемі заңнаманы зерделейді.

СҚО ПД бастығы полиция генерал-майоры Марат Төлебаевтың айтуынша, бейнеконференцияның жалпы мақсаты қазіргі заманғы полицейлердің тиімді қызметі үшін үнемі өз білімдерін жетілдірумен айналысуы, психологияны зерделеуі, электронды техниканы жақсы меңгеруі, сондай-ақ шыныққан әрі стреске шыдамды болуы қажеттігі екендігін алға тартты.

Осындай форматтағы бейнеконференциялар мен сабақтарды СҚО полицейлері тұрақты түрде өткізбекші.