
СҚО ПД бастығы полиция генерал-майоры Марат Төлебаевтың атына Тайынша ауданының тұрғынынан жылылыққа толы хат келіп түсті. Тәртіп сақшыларын облыстық полиция ведомствосының "тәрбиеленушілері" деп атаған әжей, поселкелік полиция бөлімі бастығының орынбасары Данияр Мұқышевқа "мейірімді жүрегі" үшін ризашылығын білдірген.
Жалғыз басты зейнеткер полиция майоры Данияр Мұқышевтың күн сайын жұмысына бара жатқанда зейнеткердің үйінің маңында тоқтап, қал-жағдайын сұрайтынын жазған. "Ылғи келіп: "Денсаулығыңыз қалай, мазаңызды ешкім алып жатқан жоқ па?- деп сұрайды. Визиткасын беріп, бірдеңе бола қалған жағдайда, кез-келген уақытта хабарласыңыз дейді. Білесіз бе, жалғыз басты қарт адамға жылылық қандай маңызды екенін..." Зейнеткер, сондай-ақ коронавируспен ауырып, бір ай бойы карантинде болғанын, сол кезде де полицейдің азық-түлек пен дәрі-дәрмектер әкеліп тұрғанын жазған. "Маған ғана емес, басқа да зейнеткерлерге қамқорлық жасайтынын байқадым. - Барлығымен жөн сұрасады, жасөспірімдермен жиі әңгімелеседі. Сіз, генерал-майор Марат Сағынтайұлы, көп уақытыңызды алғаныма кешіріңіз, бірақ жазып, Сіздің тәрбиеленушілеріңізге алғыс білдірмей қала алмадым, бізде Келлеровкада тыныштық орнаған, жұмыстары көрініп тұр..."
Марат Сағынтайұлы атап кеткендей, ауылдағы полицейлердің жұмысының өз ерекшеліктері бар және олардың жұмыстары туралы осындай оң пікірлер - кәсібиліктің көрсеткіші. Құқықтық тәртіпті қадағалау, қылмыстарды ашу, олардың алдын алу адамдардың сенімісіз және қызмет көрсететін аумақтағы жағдайды жан-жақты меңгерусіз мүмкін емес. Айта кететіні, Келлеровка ауылдық округі аумағында 3 мыңға жуық адам тұрады (оның 47-сі полицияда түрлі есептерде тұр). Данияр Мұқышев учаскелік полиция инспекторларының жұмысына жетекшілік етеді - ол өз ісімен "жұртқа жақын", яғни халықпен тығыз байланыста, ашық болу керек екенін көрсетуде.