СҚО полицейлері жыл басынан жылдамдықты асырудың 4 мыңнан астам фактісін тіркеді

СҚО полицейлері жыл басынан жылдамдықты асырудың 4 мыңнан астам фактісін тіркеді

Жылдамдық режимінің бұзушылықтармен күрес – патрульдік полицейлердің маңызды тапсырмаларының қатарынан. Жылдамдықты асыру – жол қозғалысы ережелерінің өрескел бұзушылықтарының бірі. Бұл жол-көлік оқиғасына себеп болуы және ауыр салдарға әкеп соғуы мүмкін. Полиция қызметкерлері «көлік айдаушыларды» күнделікті патрульдеу барысында, бейнетіркеу камераларымен жұмыс істеу кезінде, рейдтік және жедел-профилактикалық іс-шаралар шеңберінде анықтайды. Қатаң бақылау жасау қажеттілігін жол-көлік оқиғаларының статистикасы куәландырады. 2020 жылы жылдамдық режимі бұзушылығынан 1 адам қаза тауып, 11-і жарақат алған, ал 2019 жылы қаза тапқандар – 7, жарақат алғандар – 26 адам. Бұл қайғылы статистиканы төмендетудің артында барлық жол қозғалысына қатысушылардың жүргізу мәдениеттерін арттыру және тәртіпті күшейту бойынша полицияның жоспарлы жұмысы тұр.

Тәжірибе көрсеткендей, жолдағы қауіпсіздікке қол жеткізу үшін аталған бағыттағы жұмыс жалғастырылуы тиіс. Мәселен, Солтүстік Қазақстан облысы аумағында өткізіліп жатқан «Құқықтық тәртіп» іс-шарасының екі күні ішінде полицейлер ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 592-бабы «Белгiленген жүру жылдамдығын арттыру» бойынша 97 хаттама толтырған.

СҚО-да жыл басынан толтырылған мұндай хаттамалардың саны – 3836, - дейді СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы полиция подполковнигі Айдын Байматов. – Барлық жүргізушілерді жылдамдықты асырудың әр фактісі адам өміріне қауіп төндіретінін естерінен шығармауға шақырамыз. Жолдарда абай болыңыздар және жол жүрісі қағидаларын қатаң сақтаңыздар».