
Петропавл тұрғыны көлігінің терезесінен қоқыс тастағаны үшін айыппұл төледі. Әкімшілік ықпал ету шарасы әлеуметтік желі қолданушыларының бірі «Тoyota Camry» автокөлігі жүргізушісінің тарапынан бұзушылық жасағаны туралы пікірмен видео орналастырғаннан кейін бірден қолданылды. Пост шыққан кейін Қызылжар ауданының учаскелік полиция инспекторлары аталған көліктің жүргізушісін анықтады, ол полицейлермен сөйлесуге дайын болған. Айта кететін болсақ, ол әлеуметтік желідегі пікірді көріп, қандай себеппен полиция қызметкерінің қоңырау шалғанын бірден түсінген. «Петропавл тұрғыны жасаған құқық бұзушылығы үшін кешірім сұрап, айыппұл төледі – бұл бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, 3 мың теңге шамасында. Ол Белое селосына жақындай бере қолданылған стакандарды тастағанын айтқан», - дейді Қызылжар ауданының учаскелік полиция инспекторы Тагир Шакиржанов.
Жолға қоқыс тастау ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 630-бабы бойынша айыппұл салуға әкеп соғады. Барлығы осы бап бойынша СҚО-да жыл басынан 101 хаттама толтырылды.
«Қоғамдық тәртіпті бұзушылыққа өздерінің принципті көзқарасын білдіретін, бей-жай қарамайтын солтүстікқазақстандықтардың ұстанымы кез келген ұсақ құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілікті қалыптастыруға септігін тигізетінін атап өткен жөн. Соңғы кездері азаматтар әлеуметтік желіні әкімшілік ықпалы бар шаралар қабылдау үшін алаң ретінде жиі пайдалануда», - деп атап өтті СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы полиция подполковнигі Айдын Байматов.