Аулалар, гараж кооперативтері, вокзал маңы алаңы – қаладағы бұл орындарды күн сайын Петропавл қ. Полиция басқармасы қабылдау-тарату орнының рейдтік тобы тексереді. Полицейлер қалалықтардан келіп түскен сигналдар, жоспар бойынша да жұмыс істейді. Жыл басынан қалалық қабылдау-тарату орнына 800 аса үй-күйсіз адам жеткізілді.
Егер қыстыгүні үй-күйі жоқ адамдар жылы үй-жайға келуге тырысса, ал жаздыгүні керісінше. Қаңғыбастар өз беттерінше өмір сүреді: балкондардың астына, құбырларда, жиі көпқабатты үйлердің аулаларында, қоқыс салатын бактардың маңында түнейді. Тұрғылықты мекенжайы жоқ мас адамдар қоғамдық тәртіпті бұзып қана қоймай, қалалықтардың тазалығы мен денсаулығына қауіп төндіреді. Полицейлердің мобильді тобы күн сайын оларды жинап, қабылдау-тарату орнына жеткізеді.
«Фото-видео есептер, саусақ іздерін алу, іздеудегі қылмыскерлер мен із-түссіз жоғалғандар базалары бойынша тексеру – үй-күйі жоқ адамдармен жүйелі жұмыс жиі нақты нәтиже әкеледі. «Тұрғылықты мекенжайы жоқ тұлға» үш күндік мақсатты жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында ұрлық пен бұзақылық жасауда күдікті іздеуде жүрген екі қаңғыбас анықталды. Екеуі де қалалық Полиция басқармасының тергеу бөліміне тапсырылды», - дейді Петропавл қ. ПБ қабылдап-тарату орнының бастығы полиция майоры Адай Смайыл.
Жалпы, «Тұрғылықты мекенжайы жоқ тұлға» іс-шарасын өткізу нәтижесінде үш күн ішінде қабылдау тарату орнына – 217 адам жеткізілді, 14 адам «Тұрғылықты мекенжайы жоқ тұлға» санаты бойынша қамалды. 366 адамға дактилоскопия жасалды, фото есепке 271 адам, видео есепке 315 адам қойылды.
Қабылдау-тарату орны полицейлерінің іріктеу тобы облыс орталығы аумағында күн сайын таңғы сағат 9-дан кешкі 19-ға дейін тексеріс жүргізеді. Кезекші бөлімнің телефоны: 52-92-99. Тұрғылықты мекенжайы жоқ адамдар немесе кез келген өзге де құқық бұзушылықтар мен қылмыстар туралы полицияға «102» мобильді қосымшасы арқылы бейнеқоңырау немесе мәтіндік хабарлама арқылы хабарлауға болады.
