СҚО-да коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу бойынша профилактикалық рейдтер өткізу жалғастырылуда. Ведомствоаралық мониторингілеу топтары тойханаларда, дәмханаларда, жалдамалы коттедждер мен басқа да сауда объектілерінде санитарлық нормалардың бұзушылықтарын тексеруде.
СҚО ПД бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Қанат Айтбаевтың сөзінше, облыста құрамына түрлі мемлекеттік органдардың 160-тан астам өкілдері кіретін 24 мобильді мониторингілеу тобы жұмыс істейді. Оның құрамында әкімдік, полиция және қоғамдық көмекшілер мен еріктілер бар. Тексерістер әр аптаның соңғы күндері; жұма, сенбі және жексенбі күндері жандандырылады.
Өткен жұма күні мониторингілеу тобымен Петропавлдағы "Береке" шағын ауданында туған күн кешін өткізіп жатқан коттедж анықталды. Аталған факті бойынша іс-шараны ұйымдастырушыға қатысты ҚР ӘҚБтК 425-бабымен көзделген әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бойынша материал жиналып, тауарлар мен қызметтердің сапасын және қауіпсіздігін бақылау органдарына жолданды.
СҚО-да жыл басынан ӘҚБтК 425-бабының 1059 бұзушылығы анықталды. Оның 28-і соңғы жеті күнде орын алған. Анықталған 1059 бұзушылықтың 941 материалы Тауарлар мен қызметтердің сапасын және қауіпсіздігін бақылау департаментіне жіберілді, 118 материал бойынша полиция қызметкерімен мәліметтер жинақталуда. СЭБД қызметкерлерімен 627 әкімшілік хаттама толтырылған (578 жеке тұлға, 30 заңды тұлға және 1 лауазымды тұлғаға қатысты), 241 материал тоқтатылған. СЭБД-нің қарауында 27 материал жатыр.
Мониторингілеу тобының рейдтері мен тексерістері жалғастырылуда. Бас санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес қазіргі уақытта облыста салтанатты іс-шаралар өткізуге тыйым салынатынын естеріңізге саламыз.
