Петропавл жолдарында бақылау-өлшеу құрылғыларымен жылдамдық режимінің 436 бұзушылығы тіркелді

Петропавл жолдарында бақылау-өлшеу құрылғыларымен жылдамдық режимінің 436 бұзушылығы тіркелді

Күн сайын Петропавлда жол қозғалысы қауіпсіздігін полицияның 26 автопатрулі және 410 бейнебақылау камералары қамтамасыз етеді. Патрульдік полиция қызметкерлері тікелей «желіде» жұмыс істесе, Жедел басқару орталығының инспекторлары жағдайды бағандарға, үйлердің шатырларына орнатылған камералар арқылы бақылайды. Патрульдер мен бейнебақылау инспекторларынан басқа Жол жүрісі ережелерінің бұзушылықтарын тіркеуге және мониторингілеуге автоматтандырылған жүйе жұмылдырылған. Қазіргі уақытта облыс орталығында осындай жеті жүйе автоматтандырылған түрде жұмыс істейді.

СҚО ПД Әкімшілік полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы полиция подполковнигі Назар Байматовтың сөзінше, үш «Интегра» жүйесі Астана - Интернациональный, Назарбаев – Абай, Жамбыл – Интернациональный көшелерінің қиылыстарында орнатылған. Аталған жүйе бағдаршамның тыйым салынған түсіне өтіп кету және тоқта-сызығынан өту бұзушылықтарын тіркейді. Төрт «Мираж» жүйесі Ғабит Мүсірепов - Жамбыл, Кәрім Сүтішев - Жұмабаев, Жамбыл – Партизанский және Назарбаев – Интернациональный көшелерінің қиылыстарына орнатылған. «Мираж» жүйесі ЖЖЕ өрескел бұзушылықтарын қалт етпей тіркейді: бағдаршамның тыйым салынған түсіне өтіп кету және жылдамдық режимін бұзу.

Жыл басынан аталған бақылау-өлшеу құрылғыларымен Жол жүрісі ережелерінің 3786 бұзушылығы тіркелді. Оның 3340-ы тоқта-сызығынан шығып кету, 436-сы жылдамдық режимін бұзу, 10-ы бағдаршамның тыйым салынған түсіне өтіп кету.

«Жаңа оқу жылының басталуына санаулы күндер қалды, түрлі жастағы балалар мектептерге барады. Жүргізушілерді аса мұқият жүруге, Жол жүрісі ережелерін бұзбай, қатаң сақтауға шақырамыз, - дейді Назар Байматов».