
Қылмыс, құқық бұзушылық, жол-көлік оқиғалары, оқыс оқиғалар – қауіпті жағдайлардың басым бөлігі алкогольдік масаң күйде жасалады. Масаң күйдегі құқық бұзушылықтардың алдын алудың негізгі шараларының бірі – құрамындағы спирт бар өнімдер айналымын қатаң бақылау болып табылады.
Петропавл қ. Полиция басқармасы №4 учаскелік полиция пунктінің учаскелік полиция инспекторлары Украин көшесінің бойындағы дүкендердің бірінен тиісті рұқсатсыз алкоголь өнімін өткізу фактісін анықтаған. 453 литр лиценциясы жоқ алкоголь өнімі алынды, басым бөлігі – сыра. Аталған факті бойынша дүкен иесіне қатысты ҚР ӘҚБтК 463-бабы (Тиiстi тiркеусiз, рұқсатсыз немесе хабарлама жібермей кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен айналысу, сондай-ақ әрекеттердi жүзеге асыру) бойынша материал жналды.
Алкоголь өнімін өткізу қағидаларын бұзу фактілері Интернациональная мен Воровской көшесіндегі дүкендерде анықталды. Екі факті бойынша ҚР ӘҚБТК 282-бабы (Қазақстан Республикасының этил спирті мен алкоголь өнімін өндіруді және оның айналымын мемлекеттік реттеу туралы заңнамасын бұзу) бойынша хаттама толтырылды.
Петропавл қ. Полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы полиция подполковнигі Әлібек Ғабдулиннің айтуынша, бұл бағыт бойынша қабылданып жатқан профилактикалық шаралар – облыс орталығы аумағында тұрақты жедел жағдайды ұстауға тікелей әсерін тигізеді.
Жыл басынан заңсыз кәсіпкерлік қызметі үшін ҚР ӘҚБтК 463-бабы бойынша әкімшілік жауаптылыққа 34 құқық бұзушы тартылды. Алкоголь өнімін өткізу жөніндегі заңнама талаптарын бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК 200-бабы бойынша – 22 құқық бұзушы жазаланған.
Бүгінгі күні Петропавлда заңсыз айналымнан 4 360 литр құрамында спирт бар өнім алынды.