
Ұрыс-керістер, жанжалдар мен қырқысулар – осының бәрі қаржылық тәуелділік салдарынан туындайтын отбасылық-тұрмыстық қатынас саласындағы бұзушылықтар. Қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды ескерту – жергілікті полиция қызметінің инспекторлары жұмысындағы басымдықтардың бірі болып табылады. Бүгінгі күні Солтүстік Қазақстан облысында аталған жұмыс желісі бойынша мамандандырылған 15 инспектор жұмыс істейді.
«Талдауға сәйкес, көп жағдайда тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны әйелдер екен. Әйелдері жария қылудан қорыққаннан әрі ерлерін аяғандықтан отбасылық зорлық-зомбылықтың бестен бірі ғана мемлектік органдарға жетіп жатады, - дейді СҚО ПД бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Қанат Айтбаев. – Полиция тарапынан отбасылық жанжалқойларды сабасына түсірудің тиімді әдісі оларды әкімшілік жауапкершілікке тарту болып табылады».
СҚО-да жеті айдың ішінде отбасылық-тұрмыстық қатынас саласындағы бұзушылықтар үшін 1148 адам жауапкершілікке тартылды. Оның 429-ы қамалып, 137-сі ескертілді және 60-ына айыппұл салынды. Қанат Айтбаевтың айтуынша, отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы қылмыстардың басым бөлігінің жасалуына маскүнемдік пен алкоголизм себеп болып жатады. Жыл басынан облыс бойынша алкогольге қарсы заңнаманың 7 мыңдай бұзушылығы анықталды. Заңсыз айналымнан 5445 литр алкоголь алынды. Спирттік ішімдіктерді асыра пайдаланатын 484 тұлға есепке қойылды. 137 адам мәжбүрлеп емдеуге жіберілді. Алайда отбасылық жанжалдарға учаскелік инспекторларды шақыру азаяр емес, әсіресе демалыс және мереке күндері шақыртулар көп түседі.
Қорғаныс ұйғарымы ретінде әкімшілік ықпал ету шаралары қолданылып келеді. Бұл шара құқық бұзушының тарапынан ізге түсуіне, баруына, сондай-ақ жәбірленуші тұлғаға және оған қатысты ауызша не жазбаша сөйлесулерге жол бермеуді қарастырады. Жыл басынан облыс бойынша 1637 қорғаныс ұйғарымы шығарылды. Оны бұзғаны үшін (ҚР ӘҚБтК 461-бабына сәйкес ескерту беріледі не 5 тәулікке қамауға алынды) 86 жанжалқор әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Полицейлер тұрмыстық зорлық-зомбылыққа тап болғандарды үндемей қалмай, полицияға; инспекторларға және әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау инспекторларына жүгінуге шақырады. Облыс орталығында халыққа арнайы «Между нами говоря» @mejdunamigovory Тelegram-каналы құрылды, сондай-ақ Петропавл қ. ПБ 8-708-432-45-61 WhatsApp нөмірі жұмыс істейді. Сонымен қатар, қажет болған жағдайда бүгінгі күні «102» мобильді қосымшасы арқылы (ҚР ІІМ App Store және Google Play ресми қосымшасы) бейнеқоңырау не хабарлама жазумен жүгінуге болады.