
Ювеналдық полиция бөлімшесінің қызметкерлері Петропавл қаласы ТЖ басқармасымен бірлесіп жағажайларды кенеттен тексеру жүргізді. Погондағы адамдар қалалықтарды су қоймаларында қауіпсіздік шараларын қатаң қатаң сақтау туралы ескертіп, балаларға ерекше көңіл бөлуді сұрады.
Жағажайда масаң күйде демалу, рұқсат етілмеген жерде суға шомылу, су қоймаларында немесе орманда балаларды қараусыз қалдыру – бұл орны толмас жағдайға әкеліп соқтыруы мүмкін. Екі сағатқа созылған рейд барысында полицейлер мен құтқарушылар Есіл өзенінің жағалауы дамбадан бастап қалалық жағажайға дейін тексеріп өтті. «Пестрое» көліне де ат басын бұрды. Погондағы адамдар профилактикалық жаднамалар мен су қоймасында жазатайым жағдайдың құрбаны болмаудың жолы айтылған ұсыныстары бар буклеттер таратты.
Петропавл қ. ПБ бастығының бірінші орынбасары полиция подполковнигі Әлібек Ғабдуллиннің айтуынша, негізгі талап - жасөспірімдердің бақылаусыз суға түсу фактілеріне жол бермеу. Өзенде немесе көлде балалармен ересектердің біреуі бірге жүруі керек. Сонымен қатар ересектердің жағажайда жан-жағын бақылап, смартфонға аса көңіл бөлмеуі өте маңызды. Су аса қауіпті, демалыстың шырқын бұзатын, қас-қағым сәтте орны толмас оқиға болуы да мүмкін. Қатты ағысқа қарай жүзбеу, таныс емес жерге сүңгімеу және жағажайда және қоғамдық орындарда спирттік ішімдік ішуге жол бермеу керек – мұның бәрін полицейлер мен ТЖ қызметкерлері кезекті рет қалалықтардың есіне салды.
Осыған ұқсас жұмысты кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспекторлар облыс орталығындағы аулаларда, скверлерде, саябақтарда өткізді. Онда да балалар мен ата-аналардың балаларының көшеде және аса танымайтын адамдармен өзін-өзі ұстау қағидалары ескертетін жаднамалар мен брошюралар, сондай-ақ суда өзін-өзі ұстау қағидалары мен белгіленбеген жерде суға шомылуға тыйым салынатыны туралы брошюралар таратылды. 5 – 13 тамыз аралығында қала мен аудандардың аумағында кең ауқымды «Балалар профилактикасы және бақылау» облыстық акциясы өткізіліп жатқанын еске саламыз.