СҚО-да полицейлер із-түзсіз жоғалған такси жүргізушісін іздеп тапты

СҚО-да полицейлер із-түзсіз жоғалған такси жүргізушісін іздеп тапты

Екі тәуліктен бойы Петропавлда із-түзсіз жоғалған ер адам іздестірілді. Такси паркінде жұмыс істейтін 45 жастағы жүргізуші шілденің 17-сі жұмысқа шығып, үйіне оралмаған.
Қала аумағы, оның ішінде саяжайлар секторларға бөлінді. Криминалдық полиция қызметкерлері, учаскелік полиция инспекторлары, патрульдік полицейлер, 40-тан астам ерікті, жоғалғанның жақындары мен әріптестері іздестіруге қатысты. Тәртіп сақшылары жұртшылықтың көмегі маңызды болғанын атап өтті. Еріктілер әлеуметтік желіде іздестіру туралы хабарландыру орналастырды. Комментарийлерде ұқсас ер адамды бір дүкенде көргендер жазба қалдырған. Іздеудегі өзі жалғыз болмаған. Бейне камералардың жазбаларынан туыстары қасындағы ер адамды танып, онда саяжайының бары туралы хабарлаған. Дәл сол саяжайда 20 шілде күні жоғалған ер адам таныстарымен отырған жерінен табылды.
"Жүгінген әйел адамға шұғыл күйеуінің аман-есен табылғаны жеткізілді, -деді СҚО Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының іздестіру бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Сейілхан Жұмағұлов. - Жақындарыңызға қоңырау шалып, жоспарларыңыз туралы ескертуге шақырамыз".