СҚО полицейлері 600 бірліктен астам атыс қаруын жойды

СҚО полицейлері 600 бірліктен астам атыс қаруын жойды

Полицейлер жедел-профилактикалық іс-шаралар, жүргізілетін тексерістер барысында тапсырылған, тәркіленген, алынған қаруларды жылына бір рет жоюды жүзеге асырады. Жоюға дейін қарулар арнайы жабдықталған үй-жайларда сақталады. Кейін СҚО ПД Тылдық қамтамасыз ету басқармасының қызметкерлері қаруларды атуға жарамсыз етеді. Бұзылған, атуға жарамсыз қарулар күзетпен, арнайы мөрленген жәшіктерде облыстағы кәсіпорындардың біріне жеткізіледі. Жәшік ашылған сәттен бейнежазба жүргізіледі – осы жолы 8 сағатқа созылды. Құрамында мүдделі қызметтердің қызметкерлері бар комиссияның қатысуымен қарулар темір балқытатын пешке салынды.

«Алынған, өз еріктерімен тапсырылған, сот шешімі бойынша тәркіленген қарудың 627 бірлігі балқытылды, - дейді СҚО ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Айдос Ідірісов. Акция қатаң есептілік жағдайында жүргізіледі. – Заңсыз қаруды жою – қару қолданып қылмыс жасауға жол бермеу мақсатында полицейлермен қабылданатын шаралар кешенінің соңғы кезеңі. Облыс тұрғындарының есіне саламыз: егер адамның іс-әрекетінде басқа қылмыс құрамы болмаса, тіркелмеген қаруды тапсыруы әкімшілік және қылмыстық жауапкершіліктен құтқарады».

СҚО ПД баспасөз қызметі