СҚО-да 300-ден астам отбасы жанжалқойларына қамауға алу үкімі шығарылды

СҚО-да 300-ден астам отбасы жанжалқойларына қамауға алу үкімі шығарылды

Солтүстік Қазақстан облысында осы жылдың бес айында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда тұрмыс саласында жасалған қылмыстардың төмендеуі тіркелді. Осыған қарамастан полицейлер тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесін айтып, дабыл қағуды жалғастыруда. Әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларда әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімшесінің қызметкерлері солтүстікқазақстандықтармен тікелей эфир арқылы отбасылық зорлық-зомбылық проблемаларын көтеріп, отбасы ісіне мамандандырылған кеңесші-психологтармен онлайн-әңгімелесіп, диалог құрды.

СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының аға инспекторы полиция майоры Әсия Әбжанова айтып өткендей, отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау және шешу – тұрмыстық қылмыстың алдын алуының тиімді тетігі болып табылады. Жыл басынан бері 300-ден астам құқық бұзушы әкімшілік қамауға алынды. Олар тәжірибенің нәтижесіне сүйене отырып, мынадай шешімге келді, ең оңтайлы шараның бірі ол отбасылық жанжалдарға бірқатар шектеулер қоятын қорғаныс ұйғарымдарын шығару болып табылады. Бекітілген құжатта белгіленген тыйымдарды бұзғаны үшін әкімшілік қамауға алу көзделген. Жыл басынан бері осындай алдын алу шаралары 1300-ден астам солтүстікқазақстандықтарға қолданылды. Қорғаныс ұйғарымдарын бұзғаны үшін 66 адам жауапқа тартылды.

Онлайн-эфир кезінде спикерлерге аса көп сұрақ түспеді. Полицейлердің айтуынша, бұл таң қаларлық жәйт емес, өйткені көпшілік тұрмыстық салада мұндай проблемаларды «шығармауға» тырысады. Петропавл қаласы Полиция басқармасының қызметкерлері @mejdunamigovory ақпараттық «Арамыздағы әңгіме» telegram-желісі ашылғанын еске сала кетеді. Сонымен қатар, Полиция басқармасының қызметкерлері 8-708-432-45-61 WhatsApp байланыс нөміріне қоңырау шалу мүмкіндігі бар екенін айтты. Сондай-ақ, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары полицияға «102» мобильді қосымшасы арқылы хабарласа алатынын немесе дәл осы нөмірге қоңырау шала алатынын айтты.

Кеңесші-психолог Ильина Попова агрессивті отбасы мүшелерімен қарым-қатынаста қандай психологиялық әдістерді қолдану қажеттігін айтып берді.
Іс-шара «Жанұядағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ» акциясы және «Тұрмыс» республикалық жедел алдын алу іс-шарасы аясында өтті.

СҚО ПД баспасөз қызметі