СҚО полицейі кикбоксингтен халықаралық турнирде бірінші орынды иеленді

СҚО полицейі кикбоксингтен халықаралық турнирде бірінші орынды иеленді

Жылдам қимылдайтын арнайы жасақ қызметкерлері солтүстікқазақстандық полицейлердің қоржынын кезекті жеңіспен толықтырды.
Полиция лейтенанты Нұрсұлтан Жақыпов кикбоксингтен халықаралық турнирден алтын медальмен оралды. Халықаралық турнир WAKO «UZBEKISTAN OPEN» ұйымдастыруымен Өзбекстан Республикасынының Ташкент қаласында өтті. Нұрсұлтан 86 кг дейінгі салмақта сынға түсті. Спортпен 14 жасынан бастап шұғылданады. Полицияда 2020 жылдан қызмет атқарады. Кикбоксингтен ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері болып табылады, республикалық және халықаралық жарыстарда бірнеше рет «алтын» медаль еншілеген. Украиндық спортшымен болған ақтық жекпе-жек туралы былай дейді: «Бұл қарсыласым байсалды, қауіпті болғанымен, тәжірибем дұрыс тактиканы қолдана отырып, ырғағынан тайдырып жеңіске жетуіме көмектесті».

Полиция капитаны Ибрагим Беков спортқа қызметте жүрген кезінде қызығушылық танытқан. Полицияда 2014 жылдан қызмет атқарады. Қоян-қолтық ұрысқа әуестеніп, қосымша жаттығуға барады. Бүгінгі күні жекпе-жектен, қоян-қолтық ұрыстан және түйіскен қоян-қолтық ұрыстан спорт шебері. Қостанай қ. өткен грэпплингтен (спорттық жеке жарыс түрі) республикалық турнирде облыстың намысын қорғап, екінші орынды иеленді.

Погон таққан споршыларды СҚО Полиция департаментінің аппараттық кеңесінде марапаттады. «Спортпен шұғылдану – полицейлер үшін мықты дене бітімдерін қалыптастыруға бағыттайтын қосымша стимул, - дейді СҚО ПД бастығы полиция генерал-майоры Марат Төлебаев. – Департамент басшылығы қызметкерлердің спорттық амбицияларын үнемі қолдайды. Спорт әлеміндегі жеңістер, облыс, одан кейін республика намысы үшін күресу, рухты нығайтуға және патриоттық тәрбиеге ықпал етеді».

СҚО ПД баспасөз қызметі