Петропавл полицейлері интернет-ұрлық жасауда күдіктіні ұстады

Петропавл полицейлері интернет-ұрлық жасауда күдіктіні ұстады

Полицейлер мобильдік құрылғылар мен қосымшалардың құпиясөздерін құпия сақтау қажеттігі туралы ескертеді. Петропавл тұрғыны полицияға есепшотынан 200 мың теңгенің жоғалғаны туралы жүгінген. Петропавл қ. ПБ Бірінші полиция бөлімінің қызметкері жәбірленушінің көршісін - 35 жастағы күдіктіні ұстады. Бірде такси шақыру үшін ол әйелден телефонын сұрап алғаны белгілі болды. Шынында ол интернет-банкинг қосымшасымен пайдаланып, жәбірленушінің қаражатын танысының шотына аударған. Кейін есепшоттағы ақшаны қолға түсіріп, алғыс ретінде танысына 5 мың теңге қалдырған. Аталған факті Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 2-бөлігі «Ұрлық» бойынша енгізілді. Күдікті жымқырған қаражатты қайтаруға дайын екендігін жеткізді.

«Әйел телефон экранын ашуға және интернет-банкингке кіру үшін бір кодты пайдаланған, - деді Бірінші полиция бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Тілеген Әлжанов. – Бұлай жасамауға кеңес береміз, қаскөйлердің әрекетіне тоқсауыл қою үшін әр түрлі құпиясөздерді пайдалану керек. Бұдан бөлек, бөтен адамдарға банк карталарының сыртында жазылған cvv-кодтарды, sms-хабарламалармен келетін пин-код пен құпиясөздерді ешкімге айтпауға, жеке құжаттардың фотосуреттерін ешкімге жібермеуге шақырамыз. Бұндай мәліметтер қылмыскерлерге есепшоттарға қол жеткізу мүмкіндігін береді».

СҚО ПД баспасөз қызметі