
Түнгі мотоцикл жарысы - қаладағы проблемалардың бірі. Петропавл қаласы Полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының қызметкерлері екі доңғалақты көлік құралы иелерінің тыныштықты бұзуына жол бермеуге және алдын алуға бағытталды. Әсіресе түнгі шабандоздар көп жүретін Жамбыл көшесіне бақылау күшейтілді. Осы орайда, түнде мотоциклдердің осы көше бойымен жүруіне тыйым салынған. Байкерлер көп жиналатын жерлерді Полиция қызметкерлері арнайы қадағалайды. Тәртіп сақшылары ҚР ӘҚБтК-нің «Тыныштықты бұзу» 437-бабына сәйкес, таңғы 6-дан 23-ке дейінгі шу бес айлық есептік көрсеткіштер мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соқтыратынын еске салып, үнемі түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Тікелей ағынды жүйені орнататын мотор иелерін де жауапкершілікке тартылады. Заңсыз қайта жабдықтау ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 590-бабы 7-бөлімі «Көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу» бойынша 15 АЕК айыппұл салуға әкеп соғады.
«Соңғы уақытта мотоцикл жүргізушілеріне қала тұрғындарының шағымдары азайды, - деді Петропавл қаласы Полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары полиция подполковнигі Әлібек Ғабдуллин. – Нұсқаулық жүргізу кезінде автопатрульдер экипаждарына мотоцикл иелерінің тыныштықты бұзуына жол бермеу туралы нұсқау беріледі. Бұл мәселе облыстық Полиция департаменті мен қалалық Полиция басқармасы басшылығының ерекше бақылауында».
Жаз мезгілі басталғалы бері Петропавлдағы «темір тұлпарлардың» 12 жүргізушісі түрлі құқық бұзушылықтар, оның 5-уі түнгі шу үшін жауапқа тартылды. Басқа бұзушылықтарға жаяу жүргінші жолымен жүру, төтенше жағдай жасау, мас күйінде көлік жүргізу және тиісті құжаттарсыз көлік басқару жатады.