
Із-түссіз жоғалғандарды іздестіру- криминалдық полицияның бір жұмыс желісі. Адамдар түрлі себептермен жоғалады. Тәртіп сақшылардың айтуынша, олар үйден кеткен кезде жақындарын ойламайды.
Мәселен, ата-анасымен тұратын 21 жастағы қызды іздестіру жұмысы бір апта бойы жүргізілген. Оның жоғалғаны туралы арыз келіп түскеннен кейін бағдар барлық сыртқы қызметтерге таратылған. Жедел уәкілдер жоғалған қыздың жүруі мүмкін жерлерді, таныстарын тексерді. Оның іздері оңтүстік астанаға алып келді. Қызметтік іссапар кезінде СҚО Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Алматы қ. іздеудегінің жүрген жерін анықтады. Қыздың айтуынша, ол оқу мәселесін шешу үшін кеткен.
"Ата-анасына қызының дін аман екені жеткізілді,- деді СҚО Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Петр Климов. - Отбасыда орын алған қандай да бір жанжал туралы ол айтқан жоқ. Өкінішке орай, бұндай жағдайлар жиі кездеседі. Іздестіруге көп адам тартылады, қаншама уақыт жұмсалады, бұған себеп адам жақындарына өзінің жоспарлары туралы айтуды ұмытып кеткен немесе жанжалдың кесірінен әдейі айтпаған не өзін ересек адам екенін көрсету үшін осындай қадамға барған".
Жалпы жыл басынан облыста із-түссіз жоғалған 23 адам іздеуде жүр. Қазіргі уақытта оның 17-сінің жүрген жері анықталды, қалғандары бойынша іздестіру іс-шаралары жүргізілуде.