Петропавлда бірнеше апатқа себепші болған, жол жүрісі ережелерін бұзған екі велосипедші жауапқа тартылды

Петропавлда бірнеше апатқа себепші болған, жол жүрісі ережелерін бұзған екі велосипедші жауапқа тартылды

Петропавлда жол-көлік оқиғасына тап болған 39 жастағы велосипедші әкімшілік жазаға тартылды. 14 маусым күні «Айсберг» сауда үйінің маңынан өтіп бара жатып, жылдамдықпен ғимараттың артқы жағынан шыққан және «Лада» автокөлігіне соғылған. Жол-көлік оқиғасына қатысушылардың бір-біріне қарсылықтары жоқ. Велосипедшіге қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 615-бабы «Жаяу жүргiншiлердiң және жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидаларын бұзуы» бойынша хаттама толтырылды. Баппен 2 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл көзделген.

Бұған ұқсас оқиға айдың басында видеоға түсіп қалып, Петропавлдың әлеуметтік желілерінде тараған еді. Бір супермаркеттің маңында түсірілген видеода 29 жастағы қала тұрғыны «Lada 21901» автомобиліне жол бермей, көлікке соғылған және капоттан ұшып өткен. Оқиға орнына жедел жәрдем шақырылған, алайда, жігіт дәрігерлердің көмегіне жүгінбеген. Полицейлер жол-көлік оқиғасына қатысушылардың бір-біріне ешқандай қарсылықтарының болмағанын тіркеп, велосипедшіге қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 615-бабы бойынша хаттама толтырды.

«Бұндай жағдайларда жарақат алу қаупі жоғары, - деді СҚО Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының міндетін атқарушы полиция подполковнигі Григорий Тыш. - Өкінішке орай, велосипедшілердің барлығы бірдей көлікке кенеттен тап болу қаупін түсіне бермейді. Бұл әсіресе жаяу жүргіншілер жолақтарында аса қауіпті. ҚР Жол жүрісі қозғалысының ережелері бойынша велосипедшілер жолды велосипедтен түсіп жаяу кесіп өтулері тиіс. Тротуарлармен жылдамдық қосып жүрмеу аса маңызды».

Полицейлер велосипедшілер тротуарлармен тек жаяу жүргіншілерге кедергі келтірмеген жағдайда жүре алатындарын еске салады. 14 жастан велосипедпен жолдың оң жағымен жүруге болады. Аталған бағытта бірнеше жолағы бар жолдарда солға бұрылуға тыйым салынады. Петропавл қ. ПБ патрульдік полиция батальонының қызметкерлері велосипедшілермен жол жүрісі ережелерін бұзудың алдын алу жұмысын жүргізуде, олар өз әрекеттерімен өздеріне, жол жүрісіне өзге де қатысушыларға қауіп төндіреді.