СҚО полицейлері жыл басынан 400-ден астам мас жүргізушілерді ұстады

СҚО полицейлері жыл басынан 400-ден астам мас жүргізушілерді ұстады
Шамамен сағат 20:15-те Петропавлда Крепостной және Н.Назарбаев көшелерінің қиылысында қасынан өткір иіс шығып тұрған 39 жасар қалалықтың басқаруындағы «Toyota Camry» автомашинасы тоқтатылды. Медициналық сараптама масаңдықтың орташа дәрежесін көрсетті. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабы бойынша материал жиналды. Сот шешімімен келесі күні ер адам 15 тәулікке қамауға алынды. Оған ендігі жеті жылда рөлге отыруға тыйым салынды.

«Қатаң заңнамалық шаралар масаң күйде көлік тізгініне отыру фактілерін болдырмауға бағытталады, - дейді СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының міндетін атқарушы полиция подполковнигі Григорий Тыш. – Мас жүргізушінің әр сапары – ауыр салдарымен жол-көлік оқиғасына әкеп соғу қаупін тудырады. СҚО-да 5 айдың ішінде спирттік ішімдік ішіп, көлік тізгіндеген жүргізушілердің кінәсінен екі адам қаза тауып, 15-сі жарақат алды. 17 мамырдан облыста «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Күніне кем дегенде осындай 4 факті анықталып жатады. Жедел-профилактикалық іс-шара өткізіліп жатқан төрт аптада облыс жолдарында119 мас жүргізуші тоқтатылды».

Жыл басынан масаң күйде көлік басқарған 415 жүргізуші ұсталды.