
Жазғы каникул кезінде балалар жол қозғалысына жиі қатысады. Олардың қауіпсіздігі - жергілікті полиция қызметінің маңызды міндеттерінің бірі. Рейдтік және жедел-профилактикалық іс-шаралар аясында Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері балалардың жол-көлік жарақаттарының алдын алу жұмыстарын жүргізуде. Жүргізушілерге балаларға арналған креслоларды пайдалана отыра, кішкентай жолаушыларды тасымалдау және жолдарда қырағылық таныту ескертіледі. Кейде балалар кенеттен жүріп келе жатқан көліктің алдында пайда болуы мүмкін. Мұндай жағдай «Фольксвагеннің» жүргізушісімен орын алды - 7 маусымда дәл оның алдына самокат мінген 3-сынып оқушысы жолда тұрған машинаның арт жағынан шыға келген. Жүргізуші болған жағдайды дереу хабарлап, баланы Облыстық балалар ауруханасына апарып, сол жерден ата-анасының қолхатымен үйіне жіберілді.
Сондай-ақ, полиция қызметкерлері балалармен профилактикалық әңгімелер жүргізеді, жолдағы қауіпсіздік ережелерін еске салады. Жүргізушілердің тоқтап, жаяу жүргіншілерді жіберіп үлгеретіндігіне көз жеткізгеннен кейін, тек белгіленген жерлерде ғана көшені кесіп өтуге болады.
«5 ай ішінде Солтүстік Қазақстан облысында 17 жол-көлік оқиғасы болды, онда 18 кәмелетке толмаған бала зардап шекті», - деп хабарлайды СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының міндетін атқарушы полиция подполковнигі Григорий Тыш. - 11 жағдайда жаяу жүргіншілер, 5-інде жолаушылар, бір мопед мінген жасөспірім зардап шекті. Мопедтерді, скутерлерді, электрсамокаттарды 16 жастан бастап, ал жол бойында велосипедпен жүру - 14 жастан бастап ғана жүруге болатындығын еске саламыз. Балаларын екі доңғалақты көліктермен қуантқысы келетін ата-аналар үшін осыны есте сақтаған жөн. Бұл көліктер тіркеуді қажет етпесе де, олардың жүргізушілері жол ережелерін білуге және сақтауға міндетті. Кәмелетке толмаған велосипедшілер үшін жаяу жүргіншілерге арналған өткелдерде жүріп келе жатқан көліктердің алдында кенеттен шығатын көліктің жоқтығына көз жеткізгеннен кейін ғана оларды өту керек екенін есте ұстау маңызды».
СҚО ПД баспасөз қызметі