Петропавл полицейлері әлеуметтік желілер арқылы алдану мүмкіндігі туралы ескертеді

Петропавл полицейлері әлеуметтік желілер арқылы алдану мүмкіндігі туралы ескертеді

Полицейлер құпиясөздер мен құпия деректерді қатаң сақтау қажеттігі туралы еске салады. Петропавл қ. ПБ Екінші полиция бөліміне банк картасынан 4 мың 900 теңге жоғалғаны туралы қала тұрғыны жүгінген. Әйелге «Одноклассники» әлеуметтік желісінде құрбысынан хабарлама келеді. Ол картасын жоғалтып алдым деп, аударылған ақшаны алу үшін жәбірленушіден картасын пайдалануға рұқсат сұрайды. Қала тұрғыны «құрбысына» картасының нөмірін және cvv-кодын береді. Көп ұзамай есепшотынан барлық ақшасы жоғалады. Кейін оған танысы жазбағанын біледі. Аталған факті Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне ҚР Қылмыстық кодексінің 187-бабы «Ұсақ ұрлық» бойынша енгізілді.

«Сvv-коды арқылы қаскөй жәбірленушінің банк картасына қол жеткізу мүмкіндігіне ие болады, - дейді СҚО Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі полиция майоры Виталий Подчернин. – Картаның сыртқы жағында жазылған кодты қандай жағдай болмасын бөтен адамдарға беруге болмайды. Алаяқтар әлеуметтік желілердегі аккаунттарды бұзып пайдалану тәсілін қазір жиі қолданбайды. Полицейлер тұрақты негізде түсіндіру жұмысын жүргізеді және адамдар қазіргі уақытта бұндай хабарламаларға сене бермейді. Дей тұрғанымен, қырағы болу керек. Таныс адамның парақшасынан ақша сұрап жүгінсе, сол адамға хабарласып, хабарламаны оның жазғанына көз жеткізу қажет».

СҚО ПД баспасөз қызметі