Жыл басынан Петропавлда полицияның бейне бақылау камераларын пайдаланумен 89 қылмыс ашылды

Жыл басынан Петропавлда полицияның бейне бақылау камераларын пайдаланумен 89 қылмыс ашылды

Петропавл тұрғыны «Peda GTS 50» скутерінің ұрланғаны туралы полицияға жүгінді. Оның айтуынша, көлік құралы көп қабатты үйдің ауласынан түнде жоғалған. Шығын 110 мың теңгені құрады. Бұдан бөлек, Петропавл қ. ПБ Жедел бақылау орталығының камераларына түнде скутерді тізгіндеген ер адам түсіп қалған. Ол мамыр айының соңында орын алған велосипед ұрлығына күдікті адамға ұқсаған. Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде аталған қылмыстарды жасады деген күдікпен бұрын істі болып, жуырда бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан 32 жастағы қала тұрғыны ұсталды. Қазіргі уақытта велосипедті іздеу шаралары қабылдануда. Скутер жақын маңдағы үйлердің бірінен табылды және тергеу амалдары аяқталған соң, иесіне қайтарылады. Аталған факті Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы «Ұрлық» бойынша енгізілді. Күдікті уақытша қамауда ұстау изоляторына қамалды.

«Екі жағдайда да екі доңғалақты көлікке еркін қол жеткізу мүмкіндігі болған, - деді Петропавл қ. ПБ криминалдық полиция бөлімі бастығының орынбасары полиция капитаны Ерболат Қаптаев. – Қала тұрғындарын өз мүліктеріне сақтықпен қарап, велосипед пен скутерлерді қараусыз қалдырмауға шақырамыз. Мүмкіндігінше бейне бақылаудың қызметтерін пайдалану қажет, бұл мүліктік қылмыстарды ашу мен алдын алудың ең сенімді құралы болып табылады».

Ағымдағы жылдың 5 айында ЖБО бейнебақылау камераларымен 89 қылмыс ашылды. Оның басым бөлігі – 42 –сі ұрлық. Сондай-ақ, бейне бақылаудың көмегімен 4 тонау мен автокөлікті заңсыз иемденудің 7 фактісі ашылды.