CҚО-да төрт күн ішінде 142 шетелдік жауапкершілікке тартылды

CҚО-да төрт күн ішінде 142 шетелдік жауапкершілікке тартылды

Өзбекстанның бес азаматы еңбек етуге құқықтары болмаса да петропавлдық құрылыстардың бірінде жұмыс істеген. Барлығы 1 тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасына тартылды. Оларды заңсыз жұмысқа тартқан бригадирдің ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 519-бабы «Шетелдiк жұмыс күшiн және еңбекшi көшiп келушілерді Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып тарту» бойынша айыппұл төлеуіне тура келді. Бұл бірлі-жарым жағдай емес, мәселен облыста 4 күн ішінде өзге мемлекеттердің азаматтарын жұмысқа заңсыз тартудың 12 фактісі анықталды. Облыста рұқсатсыз 48 шетелдік жұмыс істеген.

«Шетел азаматтарымен көші-қон заңнамасын бұзудың 142 фактісі анықталды, - дейді СҚО ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы полиция подполковнигі Талғат Әбілов. – Маусымның 7-сі мен 16-сы аралығында өткізіліп жатқан «Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасының екі күнгі нәтижесі осындай болды. Осы уақытқа дейін Қазақстанда шетелдіктерді әкімшілік жауапкершілікке тартуға мораторий қойылған болатын. Түсіндіру жұмыстары жүргізілді, шетелдіктердің құқықтық мәртебелерін реттеуге уақыттары жеткілікті болды».

Полицейлермен анықталған бұзушылықтардың басым бөлігі – заңсыз жұмысқа тұру, шақырылған шетелдіктермен Қазақстан Республикасы аумағында болу ережелерін бұзу. Сондай-ақ, тәртіп сақшылары келесі бір мәселені де атап кетті: кейбір отандастарымыз, шетелге тұрақты тұруға жиналған кездерінде қазақстан азаматтығынан шығуға ұмытып жатады. Жауапкершілікке тартылмас үшін ҚР тыс жерге тұрақты тұруға шығу туралы өтінішімен көші-қон қызметіне жүгіну қажет. Қызметкерлер заңнама талаптарын егжей-тегжейлі түсіндіріп береді.

Тәртіп сақшылары СҚО тұрғындары мен қонақтарының сыртқы көші-қон мәселелері бойынша Петропавл қ. көші-қон қызметінен 8 (7152) 34-00-23 телефоны арқылы кеңес алуға болатынын еске салады.