СҚО полицейлері әлеуметтік желілердің тікелей эфирінде қару туралы келіп түскен сұрақтарға жауап берді

СҚО полицейлері әлеуметтік желілердің тікелей эфирінде қару туралы келіп түскен сұрақтарға жауап берді

Солтүстікқазақстандық полицейлер Instagram және Facebook әлеуметтік желілерінің тікелей эфирінде өтетін онлайн-брифингті азаматтық қару мәселесіне арнады. Тәртіп сақшылары «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасының барысына тоқталып, желі қолданушыларының сұрақтарына жауап берді.
Олардың біреуі электр есеңгіреткішке қатысты қойылды. Полицейлер электр қаруы, газды қару сияқты тіркелетіні туралы, азаматтық атыс қаруы сақталатын жағдайда сақталатыны туралы айтып берді, яғни белгіленген үлгідегі сейфте, облыс орталығының тұрғындары міндетті түрде дабыл жүйесіне қосуы тиіс. Қолданушылардың басым көпшілігін пневматикалық қару қызықтырды. Тәртіп сақшылары бұл қаруды тіркеу қажеттігі туралы түсіндірді. Қару иелерін дайындау және қайта даярлау орталығынан оқығаннан кейін энергиясы 7,5 Джоуль, калибрі 4,5 миллиметрден аспайтын пневматикалық қаруды сатып алуға болады. Бұл мөлшерден асатын үлгілер спорттық қаруға жатады. Бұндай қаруды сатып алу үшін спорттық разряд қажет және қару спорттық ұйымдарда сақталады.

Тәртіп сақшылары жасалған кейбір бұзушылықтар үшін қаруды ұстау құқығын 3 жылға күшін жоюды көздейтін заңнама талаптарына тоқталды. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 4-бабы (отбасыдағы жанжалдар, елдімекендер аумағында ату және тағы басқалар) және Қылмыстық кодексінің 9-бабы (қару заңсыз ұстау және тағы басқа) бірден құқықтың күшін жоюға алып келеді. Құқықтың күші тағы 27 баппен, бұзушылық бір жыл ішінде қайталанып жасалса жойылады. Жыл басынан СҚО-да осындай 5 жағдай тіркелді. Қару иелеріне рұқсат құжаттарын қайта ресімдеуге тура келеді.
СҚО Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасы ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Құрман Мусиннің айтуынша, «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы республикада маусымның 17-сі мен 18-і аралығында өткізіледі. Іс-шараның басты мақсаты – қарулы қылмысты болдырмау. 3 аптаның ішінде қару иелерінің 80 % астамы, яғни облыста тіркелген 5879 адам тексерілді. Оның 199-ы әкімшілік жауапқа тартылды: 23-і қаруды заңсыз сақтағаны, 22-сі қайта тіркеу мерзімдерін бұзғаны, 154-і тіркелген қаруды сақтау ережелерін бұзғаны үшін. Заңсыз сақталған 32 қару алынды.

Полицейлер қару иелерін заңнама талаптарын қатаң сақтауға шақырады және тіркелмеген қаруды өз еркімен тапсыру жауапкершіліктен босататыны туралы еске салады.