
Балалар еңбегін пайдалануға жол бермеу және жасөспірімдердің заңды құқықтарын түсіндіру –Петропавлдың ювеналдық полицейлерінің жаздың алғашқы күндері атқаратын негізгі жұмыс бағыты. Тәртіп сақшылары «Балалар еңбегін пайдалануға қарсы 12 күн» ұлттық ақпараттық кампаниясына қатысуда. Акция маусымның 1-і мен 12-сі аралығында өткізіледі.
Рейдтер кезінде сауда-ойын сауық орталықтары, скверлер тексеріледі – петропавлдық жасөспірімдер жаз кезінде сауда саласында ақша табуға тырысады. Басты назарда – түсіндіру жұмысы. Полицейлер жадынамалар таратып, кәмелетке толмағандарға қатысты еңбек заңнамасын бұзғаны үшін көзделген жауапкершілік, жасөспірімдердің еңбекке қатысты заңды құқықтары туралы түсіндіреді.
«Балалардың көбі өздерінің еңбек саласындағы құқықтарын білмейді, - деп түсіндірді Петропавл қ. ПБ ЖПҚ бөлімінің ювеналдық полиция бөлімшесі бастығы полиция подполковнигі Эльмира Абушева. – Жұмыс берушімен еңбек шартын жасамау – еңбекақыны төлемеу фактісіне алып келуі мүмкін. Заңнама жасөспірімге табыс табуға мүмкіндік береді. Егер жасөспірім 14 жасқа толмаған болса, мәдениет саласында жұмысқа орналасуға болады, тек ата-аналар жазбаша түрді рұқсаттарын беруі тиіс».
Полицейлер 14 мен 16 жас аралығындағы жасөспірімдерге аптасына кемінде 24 сағат, 16 мен 18 жас аралығындағы жасөспірімдерге аптасына кемінде 36 сағат жұмыс істеуге рұқсат екенін еске салады. Балаларға түнде (сағат 22.00-ден 06.00-ге дейін), ауыр жұмыс істеуге, зиянды және қауіпті жағдайда, толық материалдық жауапкершілікте болуға тыйым салынған. Осы талаптар бұзылған жағдайда, жұмыс беруші айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
Сондай-ақ, тәртіп сақшылары Петропавлда балалар еңбегін саласындағы заңнаманы бұзу фактілері туралы полицияға 39-48-65 телефоны бойынша, «102» арнасына хабарлай алады немесе «102» мобильдік қосымшасын пайдалануға болады.