
Петропавл маңындағы айналма жолда болған жол-көлік оқиғасы салдарынан электр желісі зақымданды. «Volvo» тіркемесі бар ауыр жүк көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай қалған, нәтижесінде аударылып кетеді. Ауылшаруашылық техникаларының қосалқы бөлшектерін тасымалдаған 32 жастағы азамат Петропавлдан Қарағандыға бет алған. Аударылу салдарынан электр беру мұнарасы зақымдалды. Автокөлікке механикалық зақым келді. Оқиға орнына Петропавл қ. ПБ патрульдік полиция батальонының қызметкерлері барды. Жүк көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы зардап шеккен жоқ. Жол-көлік оқиғасы фактісі жөнінде ҚР ӘҚБтК 610-бабы бойынша әкімшілік материал жиналды.
Қазіргі уақытта полицейлер «Қауіпсіз жол» профилактикалық іс-шарасы аясында жұмыс істеуде, профилактикалық жұмыстарды күшейтіп, жол ережелерін қатаң сақтауға шақырады. «Жылдамдықты сақтау, жолда қырағылық сақтау, басқа заң бұзушылықтарға жол бермеу – бұл қауіпсіздік кепілі», - деді ППБ командирі Қанат Әлімжанов.