Ішкі істер органдарының құрметті қызметкері отставкадағы милиция полковнигі Ибрагим Сайтхужинов 75 жылдығына Полиция департаментіне шақырылды. Ибрагим Гузаирович ІІО қызметін 1970 жылы КСРО ІІМ Алматы арнайы орта милиция мектебінің курсанты болып бастап, 1992 жылы Жамбыл облыстық атқару комитетінің ІІБ бастығы лауазымында аяқтады. Оның қызметтік тізімінде офицердің мінсіз қызметін куәландыратын көптеген марапаттары бар. 2006 жылы отставкадағы милиция полковнигі белсенді қоғамдық қызметі және республикада толеранттылық пен ұлтаралық қатынасты нығайтуға қосқан үлесі үшін ел Президентінің алғысына ие болды.
Зейнет демалысында милиция ардагері туған ведомствосынан қол үзбей, жас жедел уәкідермен өзінің бай тәжірибесін бөлісті. Солтүстік Қазақстанда ІІД бастығының кеңесші, кейін жедел қызметтердің бас-нұсқаушысы болды.
Қадірлі мерейтой иесіне Департамент басшылығы мен жеке құрамы құттықтау тілектерін білдірді. Облыстың ІІО және ҰҰ ардагерлер кеңесінің төрағасы Ақан Сыздықов өндірістік өңірлердің бірі — Жамбыл облысында жоғары лауазымға тағайындалуы басшы Ибрагим Сайтқожиновтың кәсібилігі мен дарынына берілген жоғары баға екендігін атап өтті. СҚО көптеген жедел уәкілдері өздерін оның шәкірттері деп санайды. Мерейтой иесі тәжірибесімен бөлісуге үнемі жауапкершілікпен қарайды.«Қылмыстық іздестіру бөлімшесінің бірінші бастығы майор Куланов әлі күнге дейін есімде, жоғарғы білімі болмаса да тыңшылық қамитке ие ол мені көп нәрсеге үйретті»,—дейді ардагер.«Біз ардагерлермен өзара іс-қимыл жасауды бағалаймыз, атап айтқанда олардың полиция қызметкерлерімен жемісті жұмысы баға жетпес тәжірибені, ұрпақ сабақтастығы мен Республикамыздың ІІО қызметіндегі ұзақ жылдардағы байланысты қолдап, қамтамасыз етеді»,—дейді Марат Төлебаев. Облыстық полиция ведомствосының басшысы мерейтой иесіне «Ерен еңбегі үшін» медалін және «Жауынгерлік ерлігі үшін» естелік медалін табыс етті. Сонымен қатар, құқық қорғау қызметінің ақсақалына құттықтау сөздер айтылып, бағалы сыйлық тарту етілді.
