СҚО полицейлері балаларды профилактикалық іс-шараларға қатысуға шақырады

СҚО полицейлері балаларды профилактикалық іс-шараларға қатысуға шақырады

СҚО полицейлері болашақ бірінші сынып оқушыларын жолда қауіпсіз жүріп-тұру дағдыларына үйретті. Орталық көшелердің бірінде бүлдіршіндер полицейлермен бірге жаяу жүргіншілер өткелі бойынша жүру бөлігінен өтті. Жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері бұл қауіпсіздік сабағының болашақ мектеп оқушыларының мәңгі есінде қалатындығына сенімді.
6 жасар Диана Мәлікова балабақшада оны жолда жүріп-тұру қағидаларына үйреткені, полиция қызметкерінің сабағы әсерлі өткені жайлы айтты. «Биыл мен бірінші сыныпқа барамын. Маған полицей айтқандай, жолдан, жаяу жүргіншілер өткелінен өтер кезде де міндетті түрде жан-жағыңа қарау керек», - дейді Диана. Сонымен қатар «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында өткізіліп жатқан акцияға тағы бір қаланың жас петропавлдық қатысуға ниет білдірді. 6 жастағы Әлихан Хамит те биыл мектеп табалдырығын аттамақ.

Жергілікті полиция қызметі басқармасының аға инспекторы Азамат Жамұқов жаз кезінде балалар жол-көлік жарақаты полицейлердің ерекше алаңдатушылығын тудырады. Жазғы демалыс кезінде полицейлер ата-аналардан жолда жүріп-тұру қауіпсіздігін түсіндіру бойынша ерекше назар аударуды сұрайды. Жыл басынан балалардың қатысуымен 12 жол-көлік оқиғасы орын алған. Сонымен қатар, полицейлер жүргізушілерден жолда сақтық танытуға, сондай-ақ велосипедшілер мен басқа да жол қозғалысының жас қатысушыларына да ерекше назар аударуға шақырады.
Полицейлер жазғы демалыс кезінде барлық ниет білдірген балаларды профилактикалық іс-шараға қатысуды ұсынады. Ол үшін СҚО Полиция департаментінің Instagram әлеуметтік желісіндегі аккаунтының (@sqo_pd) Direct бөліміне жүгіну қажет. Келесі танымдық серуен жас велосипедшілер үшін өткізіледі.