
Петропавл тұрғыны полицияға «Stels» маркалы велосипедінің ұрланғаны туралы арызымен жүгінген. Ұрлық 23 мамырда орын алған. Жәбірленушінің өзі қылмыстың орын алуына жағдай жасағанын жасырмады. Түс кезінде, масаң күйде бұталардың арасында ұйықтап қалған, оянған уақытта «темір тұлпарының» жоғалғанын байқаған. Келтірілген шығын 50 мың теңгені құраған. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы «Ұрлық» бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Петропавл қ. ПБ Бірінші полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларына кірісті. Бейнебақылау камераларындағы жазбаларды қарау ілгек табуға септігін тигізді. 26 мамырда ұрлық жасалған орыннан алыс емес жерде бұрын мүліктік қылмыс үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған күдікті – 36 жастағы қала тұрғынын ұстады. Ұрланған велосипед оның жұмыс орнынан алынды; күдікті оны сатпай, жүріп-тұруына пайдаланбақ болған.
«Күдіктінің айтуынша, жәбірленушінің масаң күйде жатқанын байқаған ол оңай олжаны көріп, қолды қылған, - дейді Бірінші ПБ бастығы полиция подполковнигі Тілеген Әлжанов. — Алкоголь қылмыстың жасалуына әкелетін жиі фактор болып табылатынын атап кеткен жөн. Күн жылынған уақытта велосипедтер, қымбат бағалы заттар мен ұялы телефондар қаскөйлердің қол сұғатын олжасына айналады. Велосипед иелеріне: мініп кетуге қарсы сенімді құрылғыларды пайдалануды, егер оларды қараусыз қалдыру қажеттілігі туындаса, абзалы бейнебақылау камераларының шолу аймағына қойған жөн екендігін естеріне саламыз. Түнде велосипедті мүмкіндік болса үйге қойған дұрыс. Иелерінің өз мүлкіне ұқыпты қарауы – қылмыстық қолсұғушылықтан қорғаудың сенімді кепілі».