СҚО Тайынша ауданының учаскелік полиция инспекторлары жыл басынан 58 қылмыстың бетін ашты

СҚО Тайынша ауданының учаскелік полиция инспекторлары жыл басынан 58 қылмыстың бетін ашты

Тайынша ауданы Чкалов ауылдық округінің учаскелік полиция инспекторына «ПТС-4» тіркемесі рессорының ұрлығын жасаған қылмыскерді анықтауын өтініп, аудан тұрғыны жүгінген. Иесі ұрлық жасалғанын мамырдың оны анықтаған. Шығын сомасы 15 мың теңгені құрайды. Ер адам өз бетімен іздеген, көп ұзамай ұрланған мүлкін түсті металл қабылдайтын пункттен тауып, сатып алған. Учаскелік инспектор Жанат Ханафин күдікті тұлғаны анықтайды. Ол 52 жасар бұрын сотты болған сол ауылдың тұрғыны болып шықты. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы «Ұрлық» бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді.

«Ауыл учаскелік полиция инспекторының жұмысы қызмет көрсететін әкімшілік учаскені жақсы білуден, қай адаммен қалай қарым-қатынас жасау керектігін білуден құрылады, - дейді Тайынша ауданының ПБ бастығы полиция подполковнигі Нұрлыжан Ақтанов. Полиция капитаны Жанат Ханафин – құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудегі жұмысы үшін аудан әкімінің грамотасын иленген тәжірибелі қызметкер. Тайынша ауданында 26 учаскелік полиция инспекторы және УПИ 5 көмекшісі қызмет атқарады. Олар 44 мың адамға қызмет көрсетеді. Есепте тұрғандар тізімінде – 210 маскүнем, 6 шартты түрде мерзімінен бұрын бостылған, 12 қадағалуға жататын және бұрын сотты болған 20 тұлға бар. Сондай-ақ пробациялық бақылауда тұрған 74 аудан тұрғыны ерекше назарда. Жыл басынан учаскелік полиция инспекторларының жеке іздестіруімен 58 қылмыс ашылды, оның басым бөлігі бөтеннің мүлкін ұрлаумен қатысты».