Солтүстікқазақстандық ІІО тарихынан

Солтүстікқазақстандық ІІО тарихынан

31 мамыр – қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні. Бұл белгісіз себептермен жұмыстан қуылған біздің өлкеміздің ішкі істер органдарының қызметкерлеріне де қатысты болды. Репрессияға ұшырағандардың тізімінде болмаса да, олардың өмірлерінен алынған фактілерге қарап отырып, бұған себеп саяси қажетсіздік болуы мүмкін деген болжам ойға келеді.

«Қызметке сәйкес еместігі үшін жұмыстан қуылды…»

Гавриил Кедеш 1895 жылы Деосег деген шағын венгр ауылында темір ұстасының отбасында дүниеге келген. Будапешт қаласындағы жұмысшылардың қарулы көтерілісіне ұласқан үлкен ереуіл кезінде әйелді ұрып-соғып жатқан екі жандармды жарақаттаған. Қолға түсіп, Будо қамалына жабылған. Онда 6 айдан астам уақыт бойы кісенде ұсталып, шынжырмен байлаулы тұрған. Екі рет қамаудан қашып, гусар полкіне түзетілу үшін жіберілген. СҚО аумағына Бірінші дүниежүзілік соғыс майдандарында тұтқынға түсіп, келген.
Азаматтық соғыс кезінде Омбы және Семей губернияларында, Алтай тауларында қарулы шабылдаумен айналысып жүрген атамандардың әскерлерімен соғысқан. 7 жарақат алған. Жауынгерлік ерліктері мен батылдығы үшін бас қолбасшының қылышымен наградталған.
Милициядағы қызметін Семей қаласында 1924 жылы бастаған. Мінсіз қызметі үшін маталармен, атаулы сағаттармен марапатталған.
1932 жылдың 1 қыркүйегінде Петропавл қаласында милицияға қызметке келеді. 1938 жылдың 15 сәуірінде Г.Кедеш СҚО ІІХК облыстық басқармасының құрамындағы әкімшілік-шаруашылық бөлімшесінің бастығы лауазымына кіріседі. Сол кездері милиционерлердің қылмыспен күресі қандай жағдайда жүргізілгенін оның жазбаларынан көруге болады: «...қызметкерлердің 80 пайызының тұрмыстары өте нашар».
Тағайындалғаннан кейін бір ай өткен соң архив құжаттарындағы ол туралы мәлімет 16 мамыр күні жазылған жұмыстан шығарылуы туралы жазбамен аяқталады. Себебі белгісіз. Осындай әдіспен сол жылдары жауынгерлік ерліктері, батылдығы, бандитизмге қарсы күрестегі ерекше ерліктерін ескермей Кедешті жазалаған.

Вологовтың трагедиясы

Жедел уәкіл Георгий Иванович Вологов —30 жылдардағы қылмыстық іздестірудің аты аңызға айналған адамы.
1935 жылғы аттестация қорытындысында былай жазылған:«Жұмысқа қабілетті, тәртіпті, жедел жағдайда шешім қабылдай біледі... Бандит Аульбековтің, Приишим аудандық милиция бөлімшесі уәкілінің көмекшісі Кожукаловқа шабуыл жасаған Мурзагуловтар бандасының күрделі істері, Петропавл қ. тұрғындарына қауіп төндірген Менжасов бандаларының әрекеттерін әшкерелеу бойынша тергеу жүргізді. Г.И. Вологовтың тобы қылмыскерлер мен банэдиттерден 5 шолақ мылтық, 1 карабин, 25 револьвер мен 4 тегіс ұңғылы қару тәркіледі...».
1939 жылы аз. Циулина мен оның ұлын қатыгездікпен өлтіру орын алған. Вологов дәлелдерді іздеп тауып, адам өлтіруші—рецидивист тонаушыларды анықтап, Омбыда жеке ұстады.
Із-түссіз жоғалған деп саналған аз. Базановтың мәйітін 27 жарақатымен қар астынан тауып алған. Вологов адам өлтірушіні әшкерелеген, ол өлген адаммен бірге тұрған нәзік жанды болып шықты. Вологов ашқан қылмыстардың қатарында ондаған қарулы тонаулар, адам өлтірулер болды. 40-жылдары елімізде қуғын-сүргіннің толқыны қайта өршіген тұста Георгий Иванович қызметке сәйкес еместігі бойынша ішкі істер органдарынан жұмыстан шығарылған. Жеке ісінде жұмыстан шығарудың себептері туралы арнайы анықтама болмаған.
Жазықсыз жұмыстан шығарылғаннан кейін 40 жасында табельдік қарудан шекесінен атып, өз өмірін қиған.
Көзі тірісінде Вологов жалғыз марапатқа ие болған.«Қылмыспен күресудегі жедел жұмысқа белсенді қатысқаны және бастамашылық танытқаны үшін костюміне жапсырмамен наградталсын», — делінген 1935 жылғы бұйрықтың үзінді-көшірмесінде.

СҚО ПД музейінің меңгерушісі отставкадағы милиция подполковнигі Любовь Осинская